..."/>
ҮШ СҰРАҚ

Ғарышта тіршілік бар ма?

ng_block_112p-418

Суретті түсірген Ребекка Хейл, National Geographic ұжымы

Базз Олдрин тарихта Айдың үстіне аяқ басқан екінші адам ретінде қалды. 86 жастағы экс­ғарышкер әлі күнге дейін жаңа ерліктер жасағысы келеді. «Арман алыста емес: Айға барған адамның өмірден түйгендері» сияқты тоғыз кітаптың авторы. Мұнымен тоқтамай, ол адамзатты ғарышты тереңірек зерттеуге шақыруда.

Ғарышты зерттеудің, тіпті Марсты игерудің керегі қанша?

Біз Жерде тым ұзақ жүрміз. Бұл – дұрыс емес. Адамзат дамымай, бір орында тұр. Дүниені зерттемей өткізген әр сәтіміз біздің уақытымызды өлтіруде. Біз неге тоқырадық? Бұл жерде көп факторлар бар: ғарышкерлердің қартаюы, қоғамдық апатия, шабыт берер әрекеттердің аздығы, шектеулі бюджет және білікті басшылар тапшылығы.

Сізге ғарышта түсірілген фильмдер ұнай ма? Қалай ойлайсыз, ғарышта бізден басқа тіршілік иелері болуы мүмкін бе?

Маған «Марстық» фильмі ұнады. «Гравитацияны» да қызықты деп ойлаймын. Менің Джордж Клуни кейіпкерінің орнында болу мүмкіндігім бар еді, бірақ НАСА рұқсат бермеді. Ал жат ғаламшарлықтар бойынша Карл Саган ерекше сұраныс, ерекше дәлел талап ететінін айтқан. Мысалы, кейбіреулердің пайымдауынша, Фобостағы (Марстын кішігірім серігі) монолиттың құрылысында зерде болған тәрізді. Дегенмен қазіргі таңда біздің қолымызда ерекшелеп көрсете алатындай дәлел жоқ.

Ғарышкер ретінде неден сабақ аласыз?

Ол – менің Айдан қайтқан күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі дамуым. Мен бірден ғарышкер атана салғаным жоқ. Ғарышкер болу маған табандылықты үйретті.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля