«Бала кезімде емін-еркін өстім», – дейді үндістандық суретші әрі табиғат қорғаушысы Эшер Джей. «National Geographic» қоғамының 31 жастағы аға ғылыми қызметкері киім дизайнымен айналысады (суретте) және стендапкомедия жанрында өнер көрсетеді. Таймс-скверде оның тұмса табиғатты қорғауға бағытталған кампаниялары пайда болып, ғаламтор арқылы бүкіл Қытайға таралды.
– Тұмса табиғатқа қызығушылығыңыз қашан оянды?
– Бала кезімде анам мертіккен жануарларды үйге әкелуіме рұқсат ететін. Сөйтіп, менің «адам екенімді» ескерткенге дейін өзімді аң-құс секілді сезініп жүрдім. Қазір де сафариге шыққанда, қандай да бір жануарды көрсем, жүрегіме жылылық ұялайды. Арамызда ешқандай алшақтық жоқтай көрінеді.
– Шығармашылығыңыз қандай да бір ережелерге бағына ма?
– Піл сүйегі туралы көп айтамын. Содан болса керек, жұрт мені піл сүйегіне құмар деп ойлайды. Егер өйтсем, екіұдай пікір қалыптастырар едім. Бірі бұл материалды таным көкжиегін кеңейту мақсатында пайдаланғанмен, басқасы құптамайды. Себебі, ол жауыздықты дәріптейді. Ал мен қара және ақ түсті көбірек пайдаланамын. Себебі, өмір мен өлімді ақ және қара түспен байланыстырамыз. «Өнер тек өнер үшін» деген ұғым аясында еңбек ету мүмкін емес.
– Ең қызықты мысалыңыз қандай?
– «Тұмса табиғатқа қатысты әзілдерімді адамдарға жеткізе алар ма екем?!» деген оймен стендап-комедия жанрымен айналыса бастадым. Әзілдерімде бағалы аң сүйектерінің жеке өміріме қалай әсер еткені жөнінде сөз қозғаймын. Қазір де кездесуге барған сайын әрбір 15 минутта бір пілден айырылатынымыз туралы айтамын.
ФОТО: БЕНЕДИКТ ЭВАНС