САЯХАТ

Астана – жас қала, жас қала – бас қала, Мен сені ешқашан бермеспін басқаға!

 Астана – жас қала, жас қала – бас қала,

Мен сені ешқашан бермеспін басқаға!

_00 Бас Фото

6 шілде – Астананың туған күні. Қазақ елі Тәуелсіздігінің тұғыры іспеттес Елорда биыл 18 жасқа толып отыр. Әлбетте, кәмелет жас бір мемлекеттің астанасы үшін қас-қағым сәт секілді. Алайда осынау аз ғана жыл ішінде Астана дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Күн санап өсіп жатқан Астана қазіргі таңда Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын өн бойына үйлестірген байтақ қала атанды.

_001

_002

18 жылда Астана үлкен мегаполиске айналды. Статистика мәліметтеріне қарағанда, қала халқының ресми саны 2016 жылдың 1 қаңтарында 872 655 адамды құрады.

_003

Астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін ерекше әсерлі орын – Есіл жағалауы. Оның түнгі келбеті де бөлекше әдемі!

004

Жұрт «ерке» деп атайтын Есілді бойлай жаяу жүрудің өзі бір ғанибет!

005

Өзен жағасында тұрған ат үстіндегі қаһарлы адам мүсіні алыстан көз тартады – бұл мемлекет қайраткері, қолбасшы Хан Кенеге арналған ескерткіш. Ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен қазақтың ең соңғы ханы Кенесары Қасымұлының көтерілісі дәл осы арада басталған болатын.

_006

2009 жылы қазан айында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы еліміздің басты алаңында «Қазақ елі» монументі ашылды. Монументтің алдыңғы қабырғасына қойылған барельеф – «Тұңғыш Президент және Халық» деп аталады.

_007

«Қазақ Елі» монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі Тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.

008

Астананың ең көрікті ғимараттарының бірі – «Бәйтерек»!

009

Бас қаланың орталығында көкке бой созған «Бәйтерек монументі» – Тәуелсіз Қазақ елінің символы. Ол – қазақ халқының жаңғыруының, қайта өрлеуі мен түлеуінің, биіктігі мен тереңдігінің, кеңдігінің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.

010

«Бәйтерек» Елорда мен қала қонақтарының халық ең көп баратын көрнекті жері.

011

«Бейбітшілік пен келісім сарайы». Сарай қазақ халқының бірлік пен бейбітшілік нышаны іспеттес. Пирамида пішініндегі құрылыс тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтіні анық. Оның айғағы бұнда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу дәстүрі қалыптасқан. Дін басшыларының форумына ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің беделді өкілдері қатысып келеді.

012

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі.

013Бейбітшілік пен келісім сарайы форумдар ғана емес, түрлі мәдени шаралар өткізуге де ыңғайлы. Мәселен, оның опера залы өзінің сәулеті бойынша әмбебап ол барлық әлемдік стандарт талаптарына жауап береді. Зал 1325 отырыс орнына есептелген – партер, бельэтаж, VIP-тұлғаларға арналған секциялы 2 балконнан тұрады.

_14

Астана қаласындағы «Жастар саябағы». Ғашық жандарға арналған бірден-бір романтикалық орынды жұрт «Ғашықтар саябағы» деп те атайды.

_15

Ғашықтар саябағының қарсысында «Хан шатыр» орталығы орын тепкен. 2010 жылғы шілде айында ашылған ойын-сауық кешені әйгілі сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынды.

_016

«Хан шатырдың» биіктігі 150 метр, аумағы – 127 мың шаршы метр. Бұл да қала қонақтары ең көп баратын жерердің бірі.

_017

Орта Азиядағы ең үлкен ғибадатханалардың бірі – Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті. Сәулеті ерекше ғимарат әлемдегі ең көрікті 10 мешіттің қатарына кіреді.

_018

Классикалық ислам стилінде ұлттық қазақ ою-өрнектерін қолданумен жасалған «Әзірет Сұлтан» мешітінің қабырғаларында Құран сүрелері мен Мұхаммед Пайғамбардың нақыл сөздерінен элементтер жазылған. Айтпақшы, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша, мешіт Шығыстың ұлы ойшылы, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауидің құрметіне, «Қасиетті Сұлтан» деген мағынада «Әзірет Сұлтан» мешіті деп аталған болатын.

_019

Астанадағы аспанға ұмсынған зәулім ғимараттың бірі – «Транспорт тауэр» әкімшілік кешені. Елордадағы ең алғаш бой көтерген әрі ең биік ғимараттардың бірі.

_20

Биік ғимараттардың бірі – «Солтүстүк шұғыласы» тұрғын үй кешені. 2008 жылы салынған «хай-тек» стиліндегі кешен 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады. Биіктігі – 180 метр.

021

Астанадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» – Орталық Азия бойынша баламасы жоқ теңдессіз бірегей нысан. Көлемі 74 мың шаршы метрден асатын Ұлттық музейде Қазақстанның ерте ғасырдан бастап күні бүгінге дейінгі археологиялық, этнографиялық жәдігерлері мен мәдени ескерткіштері жинақталған. Ұлттық музей Қазақстан жолының барлық ілгері жетістіктерін паш ететін ғылыми және рухани орталыққа айналып келеді.

022

Астана қаласы 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының шешімімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Қазір ЭКСПО қалашығында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Көрменің бас нышаны – шар тәріздес «Астана-ҚҚазақстан» ұлттық павильоны. «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі Астана қаласының көркін ғана емес, даңқын да асырады деп сенейік.

 

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля