..."/>
САЯХАТ

Көктегі ғылым

Конста Пункка бір жыл бойы Еуропаны аралап, парниктік газдарды өлшейтін Көміртекті бақылаудың интеграцияланған жүйесін зерттеу орталықтарын суретке түсірген. Әдетте, станциялар құрлықтың шалғай аймақтарында орналасады, бірақ Швейцариядағы Юнгфрауйох секілді туристерге қолжетімді әрі ең биіктікте орналасқаны жоқ.

«Алдыңғы видео жобаларда бірнеше дрон жоғалған кездер болды. Ал мен өз дронымды көкте әуелете білдім».

—Конста Пункка

ТАУҒА ШЫҒУ. Қатал әрі оқшау көрінетін Юнгфрауйох зерттеу орталығының жел мүжіген жартастарының астында мұз сарайы, шоколад дүкені мен Еуропадағы ең биік нүктеде орналасқан пойыз станциясы бар. Саяхатшылар сияқты Пункка да ол жаққа жету үшін Клайне-Шайдегтен тісті доңғалағы бар пойызға мінді. Тау астындағы туннельден өткен соң жоғары жылдамдықты элеватор зулап оны шыңның қақ төбесіне жеткізді. Онда Констаға ғалымдармен төрт күн қалуына рұқсат етілді.

ЖЫЛЫ КИІНУ. Альпілік ерте көктемге лайықты құс мамығы мен жүннен жасалған киімдерге таңдау түсті.

  • Қалың қарға арн. етік
  • Үш линзалы камера
  • Қар шалбары (мұз үстінде жатуға болатындай жылы)
  • Қосымша үш батареясы бар дрон (қатал табиғат жағдайында батарея тез отырады)
  • Қолды жылытатын қуысы бар қысқы қолғап (дронды жалаңаш қолмен басқаратындықтан, қолды тез жылытып алатын мүмкіндігі болуы керек).

«СИҚЫРЛЫ ТАҢ». Таңы біз ойламағандай атқан екі күннен соң көктемгі дауылдың алдында Пункка дронымен жоғарыдағы палубаға шығып кетті. «Мен станцияны тауға түскен күн шуағымен түсіргім келді, – дейді дронын шыңнан қалықтатып жіберіп, тиімді позицияға жеткенде, қолдарын сермеген Пункка. – Әдетте, мен өзімді суретке түсірмеймін. Бірақ осы жолы мен ауқымды көрсеткім келді». Күннің суық болғаны сонша, ол дронынан айырылуға шақ қалып, зерттеу станциясына зорға жеткен.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля