– Тауға өрмелеумен қашан айналыса бастадыңыз?
– Қытайдан көшіп келген ата-анамның да, қоғамның да менен не күтетінін әу бастан білдім. Алдағы өмірімнің қандай болатыны маған айқын еді. «Егер тауға шығатын болсам, көбірек жетістікке жетуге тырысамын» деп шештім. Сөйтіп, 1999 жылы экспедиция ұйымдастырып, Пәкістандағы Чаракуса алқабына жол тарттым. Бұл өмірімдегі ең керемет сапар болды. Алғашқы экспедициядан алған әсер ешқашан қайталанбайды, ол – ерекше сезім. Әйтсе де, экспедициялар сайын өзімді жаңа әлемге тап болғандай сезінемін. Көңілім алабұртып, ерекше күй кешемін.
– Эверест шыңына шаңғымен шыққанда қандай сезімде болдыңыз?
– Екі күннен соң лагерьге оралғанға дейін соншалықты сезім болған жоқ. Алқап бойымен төменге қарай бет алдық. Бір кезде жоғарыға қарадым. Таудың шыңы көрініп тұр. Бұл өмірімдегі қайталанбас сәт болды. Кеудемді қуаныш сезімі кернеп, өз-өзіме көңілім толды. Бір сәт сезімге ерік бердім. Әйтсе де, алда талай сынақ бар. Биік мақсат қойып, соған ұмтылған адам ғана асқақ сезімді бастан кешіреді. Арманыңа жету үшін бар күшіңді саласың.
– Фильм түсіруді қалайша қатар алып жүрсіз?
– Тауға шығудың әдіс-тәсілі көп. Күш-жігер зая кетсе, оны өтеу қиын. Шыңға өрмелеп шыққанда кейде өнегелі іс тындырғандай боласың. Тауға өрмелеу, фильм түсіру, кітап жазу, дәрежеге жету – ешқайсысы да оңай келмейді. Фильм түсіру де тауға өрмелеу сияқты. Тек фильмнің бір жақсысы – оны түсірген адам көз жұмғаннан кейін де туынды өміршеңдігін жоғалтпайды.
ФОТО: МАРКО ГРОБ