«National Geographic» көрсеткен «Жердегі тозақ: Сирияның құлдырауы немесе ИШИМ-нің көтерілуі» деректі фильмінде 55 жастағы журналист, Оскар иегері Себастиан Джунгер Сириядағы азаматтық соғыстың ішкі жағдайына терең үңілген.
– Сіз фильмді неге Сирия аумағында түсірдіңіз?
– Осыған дейін ешкім бұл соғысты егжей-тег-жейлі баяндаған емес. Өзге соғыстардың қалай түсірілетінін білмедім, бірақ біз бұл фильмді Сирияға барып түсірмесек, ондағы жағдайды жан-жақты көрсете алмаған болар едік. Фильм де ИШИМ-нің – адамдарды тез еліктіріп әкететін ұйым екенін алғышарт ретінде алдық. Неге әлем ол ұйымның көзін жоюды қалайды? Және оның себебі неде деген сұраққа жауап беруге тырыстық.
– Соғысты таспаға түсіру өміріңізді өзгертті ме?
– Қазіргі таңда журналистер ерекше нысанада. Ұрланып та, жариялы түрде де өлтіріліп жатыр. Бұрынырақта бұл Сирияның өз шаруасы деп біліп, Батыс елдерінің тілшілерін қайдағы біреулердің шайқасы ортасындағы камераның алдында көруді қаламайтын едік. Соғыс репортаждары әсерлі әрі қызықты болғанымен, өте шектеулі. Әріптесім Тим Хетерингтон Ливияда өлтірілгенде, енді соғысты ешқашан тікелей түсірмеймін деп шешкен болатынмын. Менің қабілетім оқ жауған көліктің қалқасынан гөрі, түсіру алаңында режиссер ретінде ашылар еді…
– Соғыс қоғамды қалай өзгертеді?
– Сараеводағы оқиғаның аяқталғанына 20 жыл толғаннан кейін бір әйел маған: «Білесің бе, біздің көбіміз соғысты іштей қалаймыз», – деді. Ал не дейсіз? Адамдар қоғамдасып өмір сүруге бейімделген, ал бірлік – психикалық ауруларға қарсы қалқан. «Тайпа» атты кітабымда мен АҚШ әскерлерінің шайқасқа шебер бола тұра неге психикалық соққы дерті бойынша жоғарғы көрсеткішке (11-20%) ие екенін түсінгім келді. Бұл көрсеткіш Израиль әскерінде 1% ғана.
ФОТО: СТЕФАН РУИЗ