Адамның эмоционалды көңіл күйі пайдалы диета, салауатты өмір салты секілді маңыздылыққа ие. Неге?
Бас хирург ретінде қызметімді бастаған кезде мен эмоционалдық жай-күй мәселесіне назар аударғам жоқ. Алайда ел ішін аралап, кіші қалалар мен үлкен шаһарлардағы адамдарды тыңдағаннан кейін оның маңызды екеніне көзім жетті. Менің түсінгенім, адамдар терең эмоциялық күйзелістен зардап шегуде. Меніңше, эмоционалды саулық – нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ішкі ресурс. Ол психикалық дерттің жоқ екенін ғана білдірмейді. Бұл – ауыртпалыққа тап келгенде өз-өзіңді сабырлы ұстауға мүмкіндік беретін күш.
Оны қалай реттей аламыз?
Ең әуелі эмоция туралы түсінікті өзгертуіміз қажет. Эмоция – күштің қайнары және оны ғылым да растайды. Алайда маған кездескен адамдардың көбі эмоцияны әлсіздіктің белгісі ретінде санауға бейім. Екінші мәселе – біз эмоционалды тепе-теңдікті қалыптастыруымыз керек. Оған қажетті нәрселер өте қарапайым ғана: ұйықтау, физикалық белсенділік, жақсы көңіл күй және шама келсе, медитация.
БАҚ беттерінде күйзеліске түскен адамдар туралы ақпарат көп. Дәрігер ретінде бұған не айтасыз?
Қатты уайымдаймын. Меніңше, бұл – біздің потенциалымызды толық пайдалануға тұсау болып отырған фактор. Мен ұзақ уақыт бұған әсер ететін негізгі екі күш – не махаббат, не қорқыныш деп ойладым. Махаббаттың көптеген белгісі бар: мейірім, ризашылық, қайырымдылық пен қуаныш. Қорқыныш сезімі, ашу, қызғаныш және қобалжумен жиі байланыстырылады. Жұрттың көбінің бойын қазір қорқыныш билеген бе деп уайымдаймын. Шын мәнінде, жағымсыз жаңалықтар ғаламдық ойлауды бір сәтке болса да тоқыратады. Бір жағынан, бұл біздің махаббат сезімін дұрыс түсіне алмауымызға да байланысты секілді.
Ең әуелі сезім туралы түсінігімізді өзгертуіміз қажет. Вивек Мурти, АҚШ-тың бұрынғы бас хирургі.
Фото: Мартин Шеллер
Сұхбат ықшамдап алында.