..."/>
ЗЕРТТЕУ

Алып көздің иесі

Фотограф Типлидің сүйікті жазғы тақырыптарының бірі – теңқанатты инелік үрленбелі көк бассейннің алдына тоқтай қалды.

 

Жазғы бақ жәндіктердің портретін түсіретін мінсіз студия болып шықты.

Ауа райы жылы күндері румыниялық Ремус Типли уақытының көп бөлігін теңқанатты инеліктерді бақылаумен өткізеді. Кейде Типлидің кездейсоқ болса да олардың артқа көз алмай қарағандарын түсіріп алатын кездері болады.

Балалар типлиге үңілген соң ол артына қарады. Фотограф Ремус Типли өзінің Румынияның Негрешти-Оаштағы бағынан жапыраққа жайғасқан теңқанатты инеліктерді байқайды. Шарасынан шыққан көздері бар нәзік жәндік Типлиге қызық құмар әрі аздап сесті көрінді. Осылайша түс мезгілінде ұзағынан теңқанатты инеліктерді суретке түсіру әдетке айналды.

Аталық теңқанатты инеліктер көбіне бір жапырақ немесе гүл үшін шайқасады. Жәндіктерді жан-жақты бақылаған соң, Типли қашан қан төгілетінін анықтай алатындай шамаға жеткен.

Бұл жәндіктерді сағаттап бақылаған Типли кәдімгі инеліктің ең жақын тұқымдасының денесі жіңішкелеу әрі қанат біткен тұсының арасы жақынырақ және де мінез-құлқы ерекшелеу екенін байқайды. Типли бұл кербездердің қарны қашан ашатынын, қалай көбейетінін және аяқ астынан ұшуларына ненің түрткі болатынын бақылаған. Ол теңқанаттының жауын кезінде өзін қалай ұстайтынын және қалай ұйқыға кететініне куә болады. Уақыт өте келе ол жынысын дәл айтып, жұп таңдайтын кезде қандай қасиеттердің маңызды екенін дөп басып айта алатын болған. Бір суретте бірнешеуін паш ететін кадр сирек кездеседі. «Өйткені бір-біріне жақын келсе, бұл титтей тіршілік иелері не айбат шегіп, аумағын қорғайды, не өзін тартымды көрсетіп, бар өнерін ортаға сала бастайды, – дейді Типли. – Жыл өткен сайын бағымдағы тоғанның әдемі қонақтары азайып барады».

 

Авторы: Дэниель Стоун, фото: Ремус Типли

«Теңқанатты инеліктерді таңертең түсірген абзал. Сол кезде ғана жарық жұмсақ, ал ауа тұнық болады», – дейді Типли. Жауын не күннің қызуынан ол жәндіктерді қолшатырмен қауқалаған. Типлидің айтуынша, дірілдеген жапырақ не гүлге қонған кішкентай ғана жәндікке камераны бағыттау оңай шаруа емес. Оның мінсіз камера баптауын табуына үш жазы кетіпті.
Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля