..."/>
КҮННІҢ ҮЗДІК СУРЕТІ

Бәйшешек — көктем гүлі, үміт гүлі…

Көктем жаршысы бәйшешек гүлінің латынша атауы «Galánthus». Ол гректің «гала» – сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан, яғни қазақша сүт тамшысы дегенді білдіреді. Бәйшешектің аппақ қауызы, шын мәнінде де, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды. Халық арасында бәйшешек әр түрлі аталады: қар астындағы раушан, бір айлық, Пасха қоңырауы мен т.б. Бәйшешек қар түскеннен кейін, қаңтардан бастап, сəуір айына дейін гүлдейді. Оның көктемде шығатынына қарамастан, ол 10 градус аязға да төзе алады. Мұндай суыққа төтеп беруіне сабағындағы жұқа түктерден тұратын өзіне тән қабығы себеп. Қазақстанның Қызыл кітабына үміт гүлінің екі түрі енгізілген. Бәйшешек коллекциясын жинайтын құмар жандарды галантафолик деп атайтынын біле жүріңіз.

 

PS. Бәйшешек туралы постты пайдалана отырып, көктемде ерекше құлпыратын аруларымызды 8 наурыз мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

 

Фото: Досжан Балабекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля