..."/>
ЖАҢАЛЫҚТАР

Экологиялық онлайн семинар

 

Өткен айдың 30 жұлдызы National Geographic Qazaqstan журналы Түркістан қаласының ұстаздарына Бүкіләлемдік Жер күніне арналған экологиялық онлайн семинар ұйымдастырған еді. Іс-шара БжҒМ-нің “Экологиялық білім беру апталығын” қолдау мақсатында және география мен жаратылыстану ұстаздарына өз пәніне жаңа көзқараспен қарап, оқушыларды қызықтыратын жаңа ресурстарды зерттеп-тануға көмектесу мақсатында қолға алынды.

 

Шараның негізгі қолдаушысы һәм демеушісі атағымен шектелмеген “ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ФРАНЦУЗДЫҚ “КАТКО” БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРНЫ” ЖШС Түркістан қаласы мен Түркістан облысы, Созақ ауданы мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына National Geographic Qazaqstan журналына тегін жазылымды да өз мойнына алды.

 

Әлеуметтік жауапкершілікті толыққанды сезінген КАТКО ЖШС облыстың білім саласын дамытуға белсенді атсалысып, әлеуметтік жобаларының арасында білім беру саласына ерекше мән беріп келеді.

 

Семинар барысында география, қоршаған орта мен экология салаларындағы әлемнің ең өзекті мәселелерін қозғайтын сары жиекті журналды оқушылар мен оқытушыларға қосымша материал әрі құрал ретінде қолданудың механизмдері ұсынылды.

 

Жобаның жалғасы ретінде жыл соңына дейін оқушыларға осы өзекті мәселелерді танып-білуге арналған бірнеше онлайн ісшара өткізілмек.

 

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля