Барабаншылар үшін демалыс жоқ. Ұлттық мейрам қарсаңында Фейрмонт мектебінің мажореткалары күрделі бағдарламаларын орындау үшін жаттығуға жиналған.
Униформа киген жас қыздар бойларына сенімділік пен мақтаныш сіңіре бойжетеді.
Оңтүстік Африканың барабанды мажореткалар дәстүрі – спорт, би әрі көпшілік назарын аударатын өнер.
Униформамен мектеп қамтамасыз еткенімен мажоретка ата-анасының қалтасына да айтарлықтай салмақ түседі. Көрсететін бағдарлама бас киімінің түсін анықтап, кейде қыздардың топтағы мәртебесін де көрсетеді.
Барабаншы қыздар Кейптаун көшелеріндегі парадтарда алғаш 1970-жылдардан бастап көріне бастады. Бүгін олар, көбіне мектептердегі жарыс клубтарының бір бөлігіне айналған. Бәріне есігі ашық болса да, маргиналданған әлеуметтік топтан шыққан қыз бала ғана бұл дауылпазшылардың қатарына қосыла алады. Сенімділік, мақтаныш пен позитивті жұмыс әдебін қалыптастыру үшін олар тынымсыз жаттығуға мәжбүр.
Саппен жүретін, сондай-ақ чирлидер қатарында 5-20 жас аралығындағы бұрымды бар. Аймақаралық сайыстар үшін репитицияның маңызы зор. Мінсіз орындалған перформанс қана үздік баға алмақ. Сыртқы келбет пен орындау шеберлігі, сондай-ақ көшбасшылық қабілет пен мінез де назардан тыс қалмайды.
Тоғыз жасар Кейша Нкубенің мажоретка болғанына үш жыл. Бұл бишілер қатарына ерте жастан қосылатын қыздар бойжеткенде де топта қалып, түрлі жаттығу мен сайыс кезінде өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
Фотограф Алис Манның көзі барабаншы қыздарға 2016 жылы түседі. Алис қыздардың бойында ұштасқан нәзіктік пен эмпауермент қасиетіне ден қояды. Ол униформа киген қыздың «дене тілі» қалай өзгеріп сала бергенін әрі ата-аналардың ынтасын байқайды.
Соңғы кездері бұл әуеске қызығатындар азайған. Негізгі себебі, мүмкіндігі шексіз болып көрінетін әлеуметтік желі болса керек.
Десек те, Кейптаунда барабаншы қыздар аз емес. Олар күнұзақ созылатын сайыстарға қатысып қана қоймай, көп күш-жігерді қажет ететін істің ұзақ мерзімдік пайдасын да түсінеді. «Барабаншы болу – өте абыройлы іс, – дейді Манн, – бұл оларға үлкен өмірге қажетті тәжірибе береді».
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе,
shopnationa