34 жастағы Лесли Диуан климат өзгерісін тежеу үшін ядролық энергияның шығу тарихына үңілгенді жөн көреді. Бұл саланың Ph.D ғылыми дәрежесі бар ол National Geographic қоғамының жас зерттеушісі ретінде көмірден арзан әрі көміртектен ада электр қуатын беретін сұйық тұзды реактор технологиясын жаңғыртпақ ойда. Бұл – 1960-жылдарда пайда болған жоба. «Зор қажеттілік ынтаны оятуға түрткі болып отыр», – дейді ол.
Бұл технология Три Майл Айленд пен Чернобыль апаттарына дейін тым қымбат әрі өте қауіпсіз болып көрінетін. МТИ-да бірге оқыған Марк Массимен бірге ол қауіпсіздік параметрлерін сақтап, құнын төмендететін материалдардан жасалатын реактордың жобасын заманауи технологиялармен жаңартып шығарды.
Жаңа модель отын ретінде сұйық уран тұзын пайдаланады. Бұл бөлінетін жанама өнімдерді оңай шығарып алуға мүмкіндік береді. Стансаға қажетті көлемдегі электр энергия жетпеген жағдайда өздігінен қосылатын жан-жақты сақтандыратын төтенше жүйе де қарастырылған. Ал егер апатты жағдай бола қалғанның өзінде, оның радиация тарату ықтималдығы өте төмен. Өйткені реактор негізінен атмосфералық қысымда жұмыс істейтіндіктен екі есе аз отын пайдаланып, екі есе аз қалдық шығарады. «Біз жобамызды әлемге жария еткіміз келеді, оның игілігін барлығы көрсін», – дейді Диуан мен Масси.
Автор: Рейчел Хартиган Ши, фото: Ребекка Хейл