..."/>
ЗЕРТТЕУ

Кірпияз құрбақаның талабын-ай…

Аталық Йосемити құрбақасы (Anaxyrus canorus) жыл сайын өзінің екі апта уақытын үздіксіз жұптасуға арнайды. Бұл кезең көктемнің соңғы күндеріне сәйкес келеді. Бұған куә болу үшін Калифорнияның Сьерра-Невада тауының 1500 метр биіктігіндегі ылғалды көкорай шалғынына шығу керек. Аталығы дірілдей дыбыс шығарып, суда күтіп жатады. Оның canorus, яғни жұптасуға шақырған дауысына еліккен аналық суға кірген бойда, екеуі іске кіріседі. «Бұл құйрықсыз қосмекенді жұптасатын және жұмыртқа салатын жерді таңдауға келген кезде өте кірпияз», – дейді АҚШ Федералдық орман басқармасының экологы Кристина Лаяң.

Зерттеу барысында Лаяң мен оның әріптестері 19 алқаптағы 143 көлшікті алты жыл бойы бақылаған. Құрбақалар жұмыртқа салатын әрі бақашабақтары өсіп жетілетін жайлы орынды көктемнің соңынан жаз айлары біткенше іздейді. Анализ бүкіл көлшік суы көбіне бірдей екенін анықтағанымен құрбақалардың басым бөлігі суы жылырақ (24,8°С) әрі тереңдігі шамамен 1 см болатын көлшіктерді таңдаған екен.

Лаяңның айтуынша, жұптасу үшін аталық құрбақа аналығының арқасына жабысып алады. Ал жұмыртқаны салу орынды аналығы таңдайтындықтан ыңғайлы жер табылғанша аталығы оның үстінен түспей қояды. Аналығы уылдырық шашқаннан кейін, аталығы оларды ұрықтандырады. Шаруа біткен соң аталығы сонда қалып, «шырылдауын» жалғастырады.

«Йосемити құрбақасының тағдыры қыл үстінде тұр десе де болады, – дейді Кристина Лаяң, – қоршаған ортаның сәл ғана өзгеруі үлкен өзгерістер алып келіп жатыр».

Авторы: Патрисия Эдмондс, фото: Джоель Сартор


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля