..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ма Джун

Ауаның ластануына қарсы күрескен жан

ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, 2016 жылы ауаның ластануынан Қытайда бір миллионнан астам адам көз жұмған. Бұл жан түршігерлік сан. Ал Ма Джун үкімет пен компаниялардан бұған жол бермей, шығарындыларды азайтуды талап етіп отыр.

Бұрынғы тілші – Ма Джун жаңа көкжиектерді ашқан «Қытайдағы су дағдарысы» кітабының авторы әрі 2006 жылы «Қоғамдық-саяси және экологиялық проблемалар институтының» негізін қалаған адам. Ұйым мақсаты – экологиялық мәліметтерді көпшілікке қолжетімді ету.

Бастапқыда жұртшылықпен бөлісетін мәлімет мардымсыз болғанымен 2013 жылы Қытай экология­лық ластануға қарсы «соғыс ашып», денсаулыққа төтенше қауіпті PM2.5 ластауыштардың ауаға тарайтын деңгейін сағат сайын жария­лай бастады. ҚСЭПИ мен оның серіктес­тері осы ластауыштардың ошағын ашып көрсетуді талап етті. Бұл мәліметтер жария болғаннан кейін бір жылдан соң аталған институт осы жаңа деректерді «Көк карта» деп аталатын онлайн-карта мен мобильдік қосымшаға қосты. Осы арқылы пайдаланушылар Қытай еліндегі 300-ден астам қаладағы ауаның және мыңдаған өзен суының сапасын тексеріп отыруға мүмкіндік алды.

Осылайша қытайлықтар демалып жатқан ауаның өзін тексере алатын деңгейге жетті. «Жұртшылық тарапынан компанияларға қойылған тазалық сақтау талабы күшейіп отыр, – дейді Ма, – үкімет экология­лық транспаренттіліктің қоғамға берген пайдасын түсінді».

 

Автор: Рейчел Хартиган Ши фото: Ребекка Хейл

 


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля