Бразилияның Атлант орманын зерттеген ғалымдар дәуіттің жетіге жуық жаңа түрін тауып алды. Олардың арасында басында мүйіз тәріздес түсініксіз өскіні бар дәуіт те кездеседі.
Бұл мүйіздің қандай қызмет атқаратыны түсініксіз. «Бәлкім, осы мақұлықтың түрін сұсты көрсету үшін шығар», – дейді топ көшбасшысы Леонардо Ланна. Ол жетекшілік ететін Projeto Mantis экспедициясына National Geographic қоғамы қаржылай демеушілік көрсетті. Жыртқыштар бұл дәуітке қарап оны жеуге келмейтін жапырақ шоғыры деп ойлап, алданып қалуы да мүмкін. Өзге аттастарына қарағанда Атлант орманының дәуіттері жасырыну өнерінде алдына жан салмайды.
Авторы: Д.Мейн