..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Элизабет Майнатт

Элизабет Майнатт Джорджия штатының Адам және технология институтын басқарады

«Мен теңдеудің екі жағын да жобалаймын және адамдар жағы әрқашан ауыр тартады».

Ол компьютинг арқылы адамдардың дені сау әрі ұзақ өмір сүргендерін қалайды. «Компьютер ғалымы» ретінде Элизабет Майнатт та ең заманауи технологияларды пайдаланады. «Мен теңдеудің екі жағын да жобалаймын және адамдар жағы әрқашан ауыр тартады», – дейді ол.

Майнаттың медициналық информатика мен көмекші технологиялар саласындағы жұмысы зағип бағдарламашыларға графикалық компьютер қосымшасының артықшылығын пайдалануға жол ашып, педиатриялық эпилепсиямен ауыратын науқастар мен олардың күтушілеріне мобильдік сенсорлық әпликейшн қолдануға мүмкіндік беріп, әдемі қартайғысы келгендерге қол ұшын созды. «Хроникалық аурулар мен халықтың қартайғандағы машақаты науқастар мен олардың отбасыларына ауыр тиеді», – дейді ол.

Майнаттың жуырдағы жасанды интеллект жобаларының бірі – алдын ала конфигурацияланған планшет. Ол шалғай Джорджия штатындағы омыраудың қатерлі ісігі дертіне шалдыққандарға ота жасату мен химиотерапиядан бастап, күйзеліспен күрес және әлеуметтік қызметтерге дейін түрлі кеңес береді. Оның Эмори университетімен бірлескен соңғы еңбегі жеңіл когнитивтік ауытқушылықтары бар жасы келген (ақылынан алжасуға апаруы мүмкін ауру) науқастарға көмектеседі.

«Жұмыс барысында мен өз-өзіме үнемі бір сұрақты қайталап отырамын: Адамның түпкілікті қажеттіліктері қандай және адам осы жағдайға қалай келеді? – дейді Майнатт, – Осы екі сұрақтың жа­­­­уабын біріктіру арқылы ғана сіз адамдардың өз денсаулығы мен отбасына қамқор болатын жолдарды айтарлықтай жақсартатын жобаларды жасап шығарасыз».

 

Авторы: Джереми Берлин, фото: Дэн Уинтерс

 


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля