Өлі теңізіндегі аралға ұқсас бұл жыныс әлемдегі ең тұзды мекеннің бірі.
«Ол жерге тек жүзіп қана жетуге болады. Бұл өте қиын, өйткені, су шамадан тыс тұзды», дейді Рикардо Браз.
Бірнеше жыл бұрын Рикардо Браз инстаграм желісін қарап отырып, Өлі теңіздегі титімдей тұз аралына тап болады. Бұл арал бірден оның өмірінде өз көзімен көруді қалаған нысанға айналады. Желтоқсан айында 24 жастағы фрилансер-фотограф Израильге барып, дрон аппаратын жалға алады да, осы аралға бет бұрады.
САПАРДАН БІР КҮН БҰРЫН: ТЕҢІЗГЕ БЕТ АЛУ
Браз фототүсірілім семинары кезінде Иордания шөлін, Петра қаласының үйінділерін және Қызыл теңізді зерттеуге бір апта уақыт жұмсады. Артынша достары – Вилма Орман мен Гай Джвиес үшеуі жалға көлік алып, Израиль шекарасына қарай тартып кетеді. Әскери жаттығу кесірінен олар шекараны бірден аса алмаған. Иерусалимге жеткен күннің ертесінде олар Өлі теңіздегі «Эйн-Бокек» деп аталатын шағын демалыс аймағына бет алады.
САПАР КҮНІ КЕЛГЕНДЕ: КЕРЕКТІ ЗАТТАР
Өлі теңіз суы мұхитқа қарағанда орта есеппен он есе тұзды. Мұнда жүзу мен айнала кереметін зерттеу ерекше құрал-жабдықтарды қажет етеді. Бұл тізімнің ішінде Браздың «қап, осыны да алуым керек еді» деп өкінген дүниелер де бар.
САПАР УАҚЫТЫ КЕЛГЕНДЕ: «ҚАНЕ, КЕТТІК!»
«Біз аралды қашықтан түсіруге тырыстық, бірақ бұл әрекетіміз түкке тұрмады», – дейді Браз. Жағалауда қалып, дронды кім ұшыратынын анықтау үшін олар таяқша суырысады. Әдемі кадр үшін тұзды суға түскен Браз бен Вилма Орманның көздері 15 минуттың ішінде-ақ ашып, ауыздары құрғап кетеді. Оларда көзілдірік те, су құйылған бөтелке де болған жоқ. Дрон фотоға түсіріп ұшып жүргенде олардың аралда біраз жүруіне тура келді.
Автор: Нина Строчлик, фото: Гай Дэвиес