Argonauta argo аталығы мен аналығының ұрпақ өрбітуге деген керемет құштарлығы кімді болмасын таң қалдырады.
Сегізаяқтың бұл түрі тропикалық пен субтропикалық теңіздеріндегі ашық су бассейндерін мекен етеді. Аталық пен аналық арасындағы көлем айырмашылығына байланысты бұл жұп өте ерекше. Ойлап қараңыз, ұзындығы шамамен 15 миллиметр аталығы мен одан 30 есеге дейін үлкен аналығы қалай ұрық алмасады? Аналығының бор сияқты зат бөліп, бүрмеленген қабыршаққа айнала алатын арнайы екі арқа аяғы болады. Ол соның ішінде жасырынып, жұмыртқа да салады. Аталығындағы гектокотиль деп аталатын, мұртқа ұқсайтын мұндай аяқтардың қызметі де, мақсаты да мүлде басқа. Ол аргонауттың ажыратылмалы шағылысу органы болып табылады.
Екеуі қосылғанда құрттай ирелеңдеген гектокотиль аналықтың мантия қуысын тауып алады. Бір қызығы аналығы жұбынан бөлініп шыққан ұрық мұртшаларын бірнеше аталықтан жинап, уақыт өте келе оны жұмыртқалағанда пайдалануы мүмкін. Ал қабыршақтың арқасында аналығы дернәсілдің жетілу барысын өз бақылауында ұстады. Осы күнге дейін ғалымдар аталықтан бөлініп шыққан гектокотильдің қайта өсіп шығатынын дәлелдейтін бірде-бір айғақ тапқан жоқ. Мұндай қатынастан кейін аталық өліп кетеді деген пікір көп айтылуда.
Авторы: Партисия Эдмондс пен Эва Ван Ден Берг
Фото: Джуллиан Финн