..."/>
ЗЕРТТЕУ

Жан біткен жәндіктер

Раушан гүлінің күлтесінен жасалған көбелек көпшілікті табиғат пен қалдық тақырыбына жаңа қырынан қарауға шақырады. Раку Иноэ флористке қажеті болмай қалған материал­дарға жан бітірудің жолын тапқан дара.

Шынайы көрінетін жәндіктердің портреті үшін табиғи материал мен қолы алтын шебер ғана керек.

Таңдай қақтырар жәндік скульптураларын жасап шығу үшін еш жасандылық қажет емес.

Мүйізді қоңыз Иноэның туған жері Жапонияның мәдени символы. Өз еліне деген шексіз махаббатын паш ету үшін ол Монреальдағы үйінің ауласынан таба алған бүкіл жасыл түсті өсімдіктермен мына қоңызды жасаған.

Шынайы көрінетін жәндіктердің портреті үшін табиғи материал мен қолы алтын шебер ғана керек.

Таңдай қақтырар жәндік скульптураларын жасап шығу үшін еш жасандылық қажет емес.

Эквадордағы гүл дүкені жіберген аққаңбақ пен қалампыр сабағынан Иноэ жалғызмүйіз қоңыз жасай алды.

Тропикалық өсімдіктер Канададағы Монреальдің солтүстік ендігінде көп емес. Бұл жерде әлемдегі ерекше жануарлары мен жәндіктерін де кездестіре бермейсіз. Бұған қарамастан жергілікті артист әрі фотограф Раку Иноэ бұл олқылықтың орнын толтырып, қолдан жасалған жәндіктер мен жан-жануардың түрлі-түсті портреттерімен көпшілікті таңғалдыруда.

«Құрт-құмырсқа мен үшін ерекше символикалық мәнге ие», – дейді Жапонияда өскен Иноэ. Жаз сайын шешесінің Хиросима маңындағы елдімекендегі үйінің есігін ашық ұстайтын әдеті болыпты. Осылайша үйге ауамен бірге инеліктер де көптеп кіретін. Шешесі бұл жәндікпен бірге үйге марқұм күйеуінің рухы да қонаққа келетініне кәміл сенген екен.

Аризона мен Невададағы сапары барысында жинаған биоматериалдардан Иноэ оңтүстік-батыстың флорасы мен фаунасының құрметіне орай шөл құмырсқасы мен скорпионды құрастыра білді. Ұзындығы 10 см-ге дейін жететін голиаф қоңызы әлемдегі ең үлкен жәндіктердің бірі. Әдетте Иноэ өз скульптураларын адгезивсіз жасаса да, кейбір күрделі жобаларына ол желім мен лентаны қолданады.

Бүгінде Иноэ осы инелікті, қоңыз бен құмырсқаның түр-түрін ауласындағы бар биоматериалды пайдаланып жасай береді. Ол алысқа бармай-ақ, бағбандарға қажеті жоқ раушан гүлінің күлтесі мен аққаңбақ секілді өсімдіктерді кәдеге жарата береді. Американың оңтүстік-батысына жасаған таяудағы сапары барысында ол шаянды қатты көргісі келгенімен жолы болмады. Сонда ол бұтақ пен дән жинап, скорпионды өз қолымен-ақ жасап шыққан.

Мына дәуітке Иноэ орхидеяның күлтесімен «жан бітірді».

Авторы: Дэниел Стоун

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля