Өзінің алғашқы сөрфбордын терри мартин 14 жасында жасап алған. Кейінгі 60 жыл ішінде оның қолынан тағы он мыңдағаны шықты. Бұл жетістігі оны мұндай тақтай жасайтын әлемдегі ең шебер қолөнершілердің қатарына қосады. 2012 жылы Мартин дүниеден озғанда оның ұлы Джош (сол жақта) әке жолын қуды. Бүгінде ұсталардың бәрі сөрфбордты полеуретан көбігі, бальза мен жағалауда өсетін қызыл ағаш секілді заманауи материалдардан жасайды. Кезінде әкесі қолданған құрал-сайман арқылы Джош әлі күнге дейін сөрфингтен өтетін әлемдік деңгейдегі жарыстарға борд дайындайды.
Электрлі жонғы. Ұстаның негізгі құралы. Басы мен құйрығын орта тұсынан биігірек әрі бордқа конус тәрізді силуэт беру үшін керек.
Үлгі суреті. Борд пен жүзбеқанаттың ерекше дизайны сақталынатын ағаш үлгілер.
Штангенциркуль. Борд пен оның астына жалғанатын жүзбеқанаттардың қалыңдығын өлшейтін инструмент.
Егеуқұм құралы. Бұл құралмен Терри Мартиннің тегістеген сөрфбордтың көп болғаны соншалық оның ағаштан жасалған сабына қолдың ізі түскен.
Сөрформ құралы. Оның металдан жасалған үккіш бөлігі ағаш пен көбікті өңдеуге ғана арналған.
Жұмыс үстелі мен шайыр. Әзірленгеннен кейін борд су өтпейтін шайырмен қапталады. Арнайы тапсырыспен жасалынып жатқан мына борд теңіз толқындарының түсіндей шайырмен өңделеді.