Гранпри жеңімпазы; қала категориясы бойынша бірінші орын
Қатаң табиғатын түсіру үшін Чу Гренландияға қатарынан бірнеше жыл барып жүрді. Биыл ол Упернавик ауылына бірінші рет ат басын тіреп, көп күнін фотолокация іздеуге арнады. Қаланың ғажап көрінісін тұрғындардың мазасын алмай түсіру үшін кештердің бірінде ол аэропорт маңындағы бөктердің біріне шығады. Күңгірт жарықта сурет түсіріп көргеннен кейін, Чу адам қимылын қатырып көрмек болып, камера апертурасы мен ISO параметрлерін өзгертеді. Дәл сол кезде үйінен бір отбасы шығып, ол сырт еткізді. «Бұл суреттен гармония есіп тұр. Алагеуімдегі көгілдір реңк қарды тастай суық қылып көрсетіп тұр. Алайда терезе мен көшедегі жарық және үш адамнан тұратын отбасы әлемді жылытып тұрғандай», – деді Travel фотобайқауы табысталған кезде сахнада тұрған Чу.
КІМ? Чу, 29 жаста, фотографқа айналған инженер. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитетінде тұрады.
ҚАЙДА? Упернавик; балық аулаумен айналысатын Гренландиядағы шамамен бір мың тұрғыны бар ауыл.
НЕ? 24-105мм линзалы, Sony ILCE-7RM3 камерасы.
National Geographic Travel фотобайқауының өзге суреттерін мына сілтеме арқылы таба аласыз natgeo.com/travelphotocontest.