Тропиктік аймақта тіршілік ететін колибри атты ала қауырсынды құс бар. Дүниедегі құс атаулының ең кішісі саналатын колибридың тұмсығы жіңішке, ұзын әрі иілген тәрізді. Осынау лыпылдауық құсқа қатты ұқсайтын жәндіктің бірі – көбелек (лат. Sphingidae).
Шындығында көбелектер тұқымдасына жататын фотодағы ғажайып жәндікті (лат. Sphingidae) алғаш көргендер тропиктік колибриге қатты ұқсатуы әбден кәдік. Олардың жіңішке тұмсықтары, шалт қимылдары ғана емес басқа да көптеген ұқсастықтары баршылық.
Бунақденелілер тобына жататын көбелектердің әлемде 140 000-ға жуық түрі белгілі. Көбелектер ұзын тұмсығы арқылы гүл шырынымен қоректеніп, осы арқылы өсімдіктерді тозаңдандыруға септігін тигізеді.
Кейбір мәліметтерге қарағанда ТМД аумағында көбелектердің 70-ке тарта түрі кездеседі екен. Олардың кейбірі түнге қарай немесе кешқұрым, енді бірі күндіз белсенді. Халық арасында «жынды көбелектер» деп аталатын түрлері негізінен түнгі тіршілікті ұнатады. Олардың көпшілігі сағатына 60 шақырым сағ жылдамдықпен ұша алады, ауада қалқып тұрып гүл шырынын соруға да шебер.
Фото: Ерболат Шадрахов
nationalgeographic.kz