Моңғолиядағы қазақ аңшылары жыл сайын Баян-Өлгей аймағында өтетін «Golden Eagle festival» бүркітшілер фестиваліне қатысқан. Онда қазақ аңшылары құстарының аң аулаудағы мүмкіндіктерін көрсетіп бақты.
iranian.com сайтының хабарлауынша, Моңғолиядағы Қазақ қоғамы мен Бүркітшілер қауымдастығы бірлесіп өткізетін бұл фестиваль аңшылардың дәстүрлі мәдениетін таныстыруды мақсат тұтады. Ал жыл сайын дәстүрге айналған бұл шара келесі жылы 1-2 қазанда өтеді деп жоспарлануда. Моңғолиядағы белгілі фотографтардың бірі Батзая аталған шараны суретке түсірген екен.
Сурет: baq.kz