..."/>
ЗЕРТТЕУ

«National Geographic Қазақстан» – жылдың елеулі оқиғасы

1

1995 жылы Жапония алғаш рет «National Geographic» журналын өз ана тілінде басып шығарған екен. Содан бері сары жиекті  басылымның қатарына қосылғандар саны жыл санап артты. Биыл «National Geographic» әлемнің 38-і тілімен толығып, халықаралық қауымдастық Орталық Азияға қазақ тілінде қадам басқан болатын. Әлбетте, басылымның жергілікті тілде жарық көруі жаһандық журнал үшін қаншалықты маңызды болса, өңірдегі жұртшылық үшін де соншалықты үлкен мәнге ие. Сондықтан болса керек, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев жақында Астанадағы Ұлттық музейде ресми тұсауы кесілген «National Geographic Қазақстан» журналын биылғы жылдың елеулі оқиғасы ретінде бағалады.

1+

2016 жылдың ақпан айында алғашқы саны жарыққа шыққан «National Geographic Қазақстан» журналы ресми тұсаукесерге дейін төрт нөмірін оқырманға ұстатты. Осы аралықта басылымға «бәрекелдісін» айтып, ақ тілегін ақтарғандар да көп болды. Ең бастысы көзі қарақты оқырман адамзаттық ауқымды мәселелерді мақсат еткен, тың зерттеулерге жол ашатын жаһандық баспаның отандық медиада өз орнын алатынына сенім білдірген еді. Жаңа басылымның тұсаукесеріне келсек, шараға «National Geographic» халықаралық журналының Вашингтоннан келген басшылығы, шетелдік меймандар, Парламент депутаттары, еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар мен зиялы қауым, бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

2

2++

2+

Басылымға құтты болсын айтқан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев  «National Geographic-ті» Қазақстан үшін ғана емес әлемдік жоба үшін де маңызды жаңалық ретінде атады. Министрдің сөзіне қарағанда, әлемдік журналдың Орталық Азияда алғаш рет қазақ тілінде шығуының өзі заңдылық. Өйткені, Қазақстанның жаһан жұртшылығына ұсынуға лайықты құндылықтары мол. Сонымен қатар, министр Д. Абаев мемлекеттік тілдің халықаралық өрісін ашатын «National Geographic Қазақстан» секілді жобаларды қолдау керектігіне назар аударды. «Адамзат өркениетінің дамуына орасан үлес қосқан, заманында әлемнің саяси географиясына ықпал еткен мемлекеттердің шежіресі Қазақстанмен сабақтасып жатыр. Тасын түртсе тарихы сөйлейтін, Алтай мен Каспий арасындағы талайды тамсандыратын табиғаты, мәйекті мәдениеті мен қайталанбас салт-дәстүрі «National Geographic» үшін таусылмас тақырып болатынына күмән жоқ. Әлемдік брендті елімізге әкелген, оны жоғары сапа стандарттарын сақтай отырып, қазақ тілінде шығарып жатқан азаматтарға ризашылығымызды білдіргім келеді», – деді Дәурен Абаев.

3+

Тұсаукесерде «National Geographic» халықаралық журналының жауапты редакторларының бірі, басылым директорының орынбасары Даррен Смит 128 жыл тарихы бар журналдың мұрағатында сақталған Қазақстанға қатысты мақалаларға шолу жасады. Ал журналдың маркетинг директоры Ариель Лор әйгілі брендтің тарихына тоқталды. «Біз ғылымның күшіне, зерттеулер мен тарих төңірегіндегі әңгімелер әсеріне бек сенеміз. Оларды жариялау арқылы әлемді өзгертуге әбден болады. Ғалымдар жұмысын жариялау арқылы біз өзіміздің тарихымызды, ғажайып планетамыздағы керемет тіршіліктерді бейнелей беретін боламыз», – деп түйіндеді сөзін Ариель Лор. Ал  «National Geographic Қазақстан» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов Астанадағы редакцияның бағыты және алдағы жоспарларымен бөлісті.

4+

6

5

Журналдың тұсаукесеріне құрметті қонақ ретінде шақырылғандардың бірі – жасы 80-нен асқан астаналық Фазила Жаналтай әжей. Бір қызығы  «National Geographic» журналының 1954 жылғы санында босқын қазақтар туралы, олардың салт-дәстүрі мен этникалық ерекшеліктері жөнінде мақала жарияланып, суреттері жарық көрген. Сондағы кейіпкерлердің бірі 19 жастағы Фазила Жаналтай осы бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ақжаулықты әже.

7

Қытайдағы босқын қазақтар туралы мақалада солтүстік Алтайдан бастап, Түркияға табан тіреген жұрттың тауқыметке толы өмірі баяндалған. Тарихтың тірі куәгеріне айналған қарт әжей, бүгінде тарыдай шашылған сол көштің көзі тірі, санаулы өкілінің бірі ғана. Талай жердің дәмін татып, ақыры тәуелсіздік алған тарихи отанына оралған әжей енді міне, сол кездегі естен кетпес сәттерін журналистермен де бөлісті. Ал «National Geographic» халықаралық журналы директорының орынбасары Даррен Смит кейуанаға журналдың сол 1954 жылы Фазила Жаналтайдың суреті шыққан нөмірін сыйға тартты.

8

Ресми тұсаукесерден соң Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрме ашылды. Жалпы 128 жылдық тарихы бар беделді басылымның әлемді өзгерткен ең үздік фотоларын ұсыну жергілікті журналдың тұсаукесері аясында ұйымдастырылатын шараның бірі екен. Бұл  дәстүр Қазақстанда да жалғасты. Фотокөрмеге Джейн Гудоллдың таңғажайып кадрлары, Томас Аберкромбидің 1965 жылы түсірілген Мекке көрінісі және «National Geographic» тарихындағы басқа да танымал фототуындылар қойылды. Сондай-ақ, келушілер 10 000 ваттық жарықпен 4 022 метр тереңдікте Эмори Кристоф «тірілткен» Титаниктің суретіне тәнті болып, керемет әсерге бөленді.

9

9++

9+++

Стив Маккарридың дүниені шарлаған әйгілі «Ауған қызы» атты суреті журнал тарихындағы ең танымал мұқабалық фото ретінде әйгілі болған еді. «Ауған қызы» журнал мұқабасына 1985 жылы шыққан.  Ол кездері әлемге «Ауған қызы» есімімен аталып кеткен Шәрбәт Гула шамамен 12 жаста болған. Фотодағы кейіпкер туралы нақты мәлімет тек 2002 жылы ғана анықталған. Айта кетерлігі, талғампаз қауым осы фотоны Мона Лиза портретімен салыстырып, тіпті кейбіреулері «Ауғандық Мона Лиза» деп те жатады.

10+

11+++

11+

11

    Фото: Ерболат ШАДРАХОВ, Ерлан ОМАРОВ.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля