..."/>
САЯХАТ

Ғасыр жасаған қарт қорық

10

Ақсу-Жабағылы – Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігі мен Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы көне қорық. «Оңтүстіктің алтын алқасы» атанған мекен Орталық Азияның айрықша аймағы ретінде 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Биосфералық қорықтар желісі тізіміне енген. Табиғатының сұлулығы тамсандырмай қоймайтын қорықтың негізі Қазақ АКСР Халық Комиссариатының ережелері бойынша 1926 жылы 14 шілдеде қаланып, бұл мәртебеге ие болуына алаш қайраткері Тұрар Рысқұлов зор үлес қосты. Биыл қорықтың құрылғанына 90 жыл толып отыр!

01

 

Ақсу-Жабағылы қорығының қазіргі жалпы аумағы 131 мың 934,3 гектар. Оның құрамына «Әулие» және «Қарабастау» палеонтологиялық бөлімдері кіреді. Қорықтың ең биік нүктесі – Сайрам шыңы, теңіз деңгейінен 4238 метр. Қазақ халқы бұл тауды «Ақ түйе өлген» деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды. Қорықтың орталығында биік, мұзды Бұғылытөр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деген атауынан-ақ, бұл жердің маралдар мекені екенін білуге болатындай.

03

16

07

Қорықтың ең негізгі өзендері – Ақсу және Жабағылы. Ақсудың ұзындығы 120 шақырымға созылып жатыр. Мамыр айында ол көгілдір түсті болса, жазда, өзен тасыған кезде, түсі сүтке ұқсайды. Өзеннің аты да соған байланысты қойылған болуы мүмкін. Кіші Ақсу мен Үлкен Ақсудың қосылған жері терең тік аңғарларға ұласады.

каньон р. Аксу

Жабағылы өзені Ақсудан екі есе қысқа, тар, саз қоспаларының әсерінен өзеннің суы сары, кейбір кезде қызыл болады. Өзендер басын таудағы жылжымалы қалың мұз бен қардан алады. Қорықта 114 мұз таулары бар. Қорықтың аумағындағы көлдің саны – 27, олардың бәрі өте биікте қар ерімейтін жерде орналасқан. Қорықта бұлақтар да бар, пайдалы қазбалар да көп.Ақсу құз-шатқалы

15

Қорықтың табиғи мұрасы – жануарлар әлемі өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан түрлердің бай қазынасына толы. Оның аумағында құстың – 267, сүтқоректілердің – 52, бауырымен жорғалаушылардың – 11, қосмекенділердің – 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның – 2124 түрлері бар. Тянь-Шань қоңыр аюы, ілбіс, Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, Орта Азия тас сусары, арқар, марал, елік, тауешкі, қасқыр, түлкі, қабан, борсық, ақкіс, қарсақ секілді т.б. жануарлардың түрлері көп. Ал құстардан бүркіт, балтажұтар, көкқұс, жұртшы, қара ләйлек, жыланжегіш қыран, ителгі, үкі, бөдене, Ақтамақты бұлбұл, Жасылтұлжық, Сарғалдақ сұлукеш, Үлкен түркептер, Қызыл телпекті құнақ т.б. кездестіруге болады.

????????????????????????????????????

Ақсу-Жабағылы – нәуірзек торғайдың атамекені. Нәуірзек – өзге өңірлерде азайып кеткен көкшілтім, көрікті, нәзіктік пен сұлулықтың бірегей белгісіндей сезілер сезімтал құс.

(Ѝâ@½è†

Ақсу-Жабағылы – өсімдіктер әлеміне де өте бай. Мұнда мүктің – 63, қынаның – 63-тен астам, балдырдың – 64, саңырауқұлақтың – 235, жоғары сатыдағы өсімдіктердің – 1312 түрі өседі. Бұтаның – 62, ағаштың – 17 түрі кездеседі. Бұл – бүкіл Қазақстанның өсімдік әлемінің төрттен біріндей. Өсімдіктер әлемінен: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Сиверс алмасы, Көкшіл шиқылдақ, Регель Рафидофитоны, Северцов унгерниясы, Түркістан гүлкекіресі, Қара арша, Балғын арша, Жалған бөденешөп, Кавказ таудағаны, ұзынша бөріқарақат, иісті киікоты, кәдімгі мыңжапырақ т.б. өсімдіктер түрлері бар.

 

Копия тюльпаны Грейга

12

17

Айта кетерлігі, төрткүл дүниеге түгел тараған қызғалдақ пен сарғалдақтың отаны да – Ақсу-Жабағылы. Ғалымдар алқызыл қызғалдақтың алты түрі де алғаш осында пайда болғанын дәлелдеген. Төртеуінен жүздеген сұрыптар өсірілген. Ақсу-Жабағылыдан апарылып, аудандастырылған Алқызыл ару – Грейг. Ал Сиверс алмасы – бұл кәдімгі Ақсу-Жабағылы шатқалында өзен қуалай өсетін жабайы алмалар. Ғылымда Сиверс алмасы делінгенімен оның негізгі аты – Ақсу алмасы.

05

Қорықтың тұңғыш директоры – Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, табиғаттың шынайы жанашыры, аса білікті маман, ізгі ниетті ғалым Борис Петрович Тризна болды. Ең алғаш құрылғанда 30 545 гектар болған қорықтың аумағы осы Борис Тризнаның табандылығы мен Тұрар Рысқұловтың қайраткерлік қамқорлығы арқасында 1935-1937 жылдары 69 826 гектарға дейін ұлғайтылған. Бүгінгі қорықтың ұйытқысы Айтбек Меңлібеков Ақсу-Жабағылыны заманға сай басқаруға талпынып, онда табиғатты аялаудан бастап, ғылыми бақылау жүргізу, экологиялық туризмді дамыту саласына дейін қызу жұмыстар жүргізіп келеді. «Біздің міндетіміз – ғасырға жуық қорғалып келген табиғат байлықтарын алдағы ұрпақ үшін қаз қалпында сақтап, келешекке де мұрты бұзылмайтын мирас етіп қалдыру», – дейді Айтбек Меңілбеков.

08

18

00

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля