..."/>
САЯХАТ

Тайгон мен Тимның бастан кешкендері

602969cf12e3d1515640e47e6c5b40cc
Бойында қазақ тазысының қаны араласқан ит әйгілі австралиялық саяхатшы Тим Коуптың айнымас серігіне айналды. 2004 жылы саяхатшы Ұлы далада саяхаттап жүргенде, қонақжай қазақтың бірі оған тазы шалыс күшікті  сыйға тартқан екен. Содан бері «Тайгон» деген есімді еншілеген қазақы ит өз иесімен бірге әлемді шарлап, талай дүниені бастан кешкен. «Оны бірде ұрлап әкетті. Бір жолы өзі адасып қалды. Тіпті Тайгонды жеп қоя жаздаған кездер де болды» – деп әңгімелейді Тим Коуп.
Саяхатшының интернеттегі жеке парақшасындағы посттар да көбінесе: «Мен және Тайгон», «Бүгін Тайгон екеуіміз» деп басталады екен.
Осыдан он жыл бұрын Тим Коуп жарты әлемді жаулаған Шыңғысханның қайсар әскерлерінің жүріп өткен жолын қайталап, атпен Монғолиядан Мажарстанға дейін баруға бел буады.  Ондаған мың шақырымды ат үстінде жүріп өтуге үш жылы кетіпті. Әйгілі қаған әскерінің жолының жартысын Коуппен бірге Тайгон да жүріп өткен. Сол жолы ол иесіне адалдық танытып қана қоймай, туындаған түрлі экстремал үшін де сенімді серік екенін дәлелдеген.
Сөйтіп, Ұлы даланы кесіп өтіп, кешегі көшпенділер ізін басқан Тайгон иесімен бірге Австралияға да барады. Басында жаңа мекеннен, ондағы иістерден бастап, өзіне жат ландшафтардан, экзотикалық құстардың салған «әнінен» есі шыққан Тайгон біртіндеп ол елге де бейімделіп алған. Кезі келгенде қоян аулауға шығыпп қана қоймай, өзінің тұқымын жалғастыру мүмкіндігіне де ие болыпты.
Қазір Тим ғана емес оның төрт аяқты досы Тайгон да әйгілі бола бастады. Кезекті саяхаттан жарақат алса, әйтпесе сырқаттанған жағдайда фэйсбуктегі әлеумет Тим Коуптың парақшасына: «Тезірек сауығуыңды тілейміз, Тайгон!» деген жазбалар түсіп жатады. Бұндай тілектер Тайгонға да қанат бітіретіндей, ол тез жазылып, келесі саяхатқа сақадай сай болатын көрінеді.

Ақпарат: http://www.express-k.kz/

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля