Мәскеуден шілденің 8-інде аттанған «Жібек жолы» ралли-марафоны Қазақстанға қадам басты. Аты аңызға айналған әлемдік шабандоздар арасындағы жарыс Ресей, Қазақстан мен Қытай секілді үш мемлекеттің аумағын екі аптаның ішінде басып өтеді.
«Жібек жолы-2016» ралли-марафоны биыл 16 күнге созылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – әлемдік ралли тарихындағы ең ұзақ мерзім. Мәскеуден басталған керуеннің мәресі – Бейжің қаласы деп белгіленген, шабандоздар оған 24 шілдеде жетуді жоспарлап отыр. Осылайша марафонға қатысушылар екі аптаның ішінде 10 735 шақырымды еңсермек. Автожарыс Уфа, Башқұртстанға соғып, Қостанай облысы арқылы Астанаға келген болатын. Қазіргі уақытта автошабандоздар керуені Балқашқа жете тынығып, сосын Алматыда біраз аялдайтын болады.Бұдан әрі Қытайдың Гоби шөлін басып өтіп, Алашань-Юси құмдарынан асады.
Жарыста әлемнің 40 елінен 92 жол талғамайтын және 24 жүк көлігі өзара бақ сынасады. Соның ішінде спорттық экипаждың 7-еуі қазақстандық: 3-еуі жеңіл көлік болса, 4-еуіжүк көлігі. Жарыс барысын тарататын журналистерге арнап жасақталған 42 пресс-кар да осында. Олардың арасында әйгілі доданы түсіруге «Eurosport» пен «CNN» телеарналарының топтары да қатар жүрмек.
Құрлықаралық жарысқа автоспорт әлемінде аты аңызға айналған жұлдыздар –планетаның ең атақты шабандозы Себастьян Лёб, әлемнің 13 дүркін чемпионы Стефан Петрансель менәйгілі «дакарлық» Сириль Депреқатысуда. Peugeot, Mini, Toyota секілді заманауи автокөлік компаниялары да бақтарын сынамақ. Және бір ерекшелігі,еңтанымал деген«Дакар» жарысының өзі 9300 шақырым болса, «Жібек жолы-2016» раллиі 10 700шақырымнан асады.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстан аумағында «Жібек жолы» раллиі 15 кезеңінің 4-еуі белгіленген болатын. Ол бойынша автоспорт шеберлері үш мың шақырым жер басып өтеді. «16 шілдеде Қазақстан шекарасынан шығып, Тянь-Шан жоталары арқылы ішкі Қытайға беттейміз», –дейді қазақстандық команданың бірінші пилоты Айдын Рақымбаев.
Автожарыс бағытының жартысынан астамы жылдамдықты талап ететін учаскелер. Дегенмен, шабандоздарды шексіз жазықтар, шетсіз өзендер, таулы серпантин бұралаңдары, дала дөңдері, құмды массивтер күтіп тұр.