САЯХАТ

Қытайдағы қазақ көші

25

Қытайдағы қандасымыз, белгілі фотограф Серік Мұқыштың фото суреттері бұған дейін «National Geographic Қазақстан» сайтында (//nationalgeographic.kz/2016/06/28/1822.html) жарияланып, оқырмандар таңданысын тудырған болатын. Сұранысқа орай автордың фоторепортаждар сериясын жалғастыруды жөн санап отырмыз. Бұл жолы талғамнан туған туындының тақырыбы – «Көш». Суретші шешімі бойынша бұл ақ-қара түспен берілуге тиіс тақырып екен.

«Қытайдағы басқа ұлт өкілдерінің қазақ салтын бұрмалап көрсеткен фоторепортаждары менің осы жолға түсуіме бірден бір себепші болды. Фотограф болып, сапарға шыққаныма 23 жыл толыпты. Соның ішінде 2006 жылдан бері қазақ көшін бақылап келемін. Бұдан кейінде түсіре бермекшімін», – дейді СерікМұқыш.

7 9 8

Шыңжаңның солтүстігіне орналасқан Алтай аймағы –Еуразия құрлығының бүйірі саналады. Бұл өлке қазақтары өзіне тән неше мың жылдық тарихы бар көші-қон дәстүрін берік сақтап келеді. Сондықтан да, Қытайдағы басқа ұлт өкілдерінен тұратын тілшілер, фотографтар қазақтың осы көшінің ерекшеліктерін елдің іші-сыртына барынша насихаттаған.

11 20

Ондай фотографтардың көші-қон тақырыбындағы фото шығармалары ел ішінде де, халықаралық деңгейде де жүлдегер атанып жүр. Сондықтан болар, Алтайдың жазы мен күзіндегі көшіп-қону мезгілінде неше мыңдаған басқа ұлт фотографтары Алтай тауынан табылады.

22 23

Көшпелі қазақтың өмірі қандай, салты ше? Көші-қон барысындағы тұрмыс-тіршілігі нешік?

26

«Дәл осы тақырыпты таңдап, өз ұлтының өмірін, мәдениет-салтын, олардың тағдырына тереңдей барлап фотоғатүсіру тек қазақтың ғана қолынан келеді деп білемін. Осы оймен 2009 жылдан бастап көші-қон тақырыбын түсіруді жоспарлап, деректі фотоның құдіретін әйгілеуге күш салдым» –дейді Секең.

24

Автор Шыңжаңның Алтай аймағындағы Алтай қаласына қарасты өңірдегі қазақтың көші-қон өмірін, шынайы қиыншылықтарын түсіруге ыңғалы келетін Сарқусын және Алақақ ауылдарының көш жолдарын фотоға түсіруді таңдады. Осы түсірілім Алтай қаласына қарасты Шеміршек, Сарқусын жайлауларына баратын көш жолындағы Аятолла отбасының өмірінен хабар береді.

13343819

Көш басталғалы жаңбыр толастамады. Күн сайын жаңбыр. Тіпті, кей күні 11 сағатқа дейін жауады. Иә, мұндай жағдайды көзіммен көріп, жаныммен сезіндім.

27 28

39

Ал көші-қонның ең жапалысы, ең ауыры– қысқы көш.

43 45 44 4650

Бұл көште Алтай қаласының Алақақ ауылының малшылары бейнеленген. Алтайдың қысы қатты әрі ұзаққа созылады, оның үстіне қорға деп әзірленген жем-шөп шекті болғандықтан, күйі жақсы қойларды Сауыр тауына апарады.

41 4247 48

Олар Ертіс өзені бойындағы қыстауларынан 300-400 шақырым шалғайдағы қысы жайлы Сауыр тауына аққар, көкмұз жастанып, 3-4 күнде зорға жетеді.

49 52 51 50

Солтүстігін Алтай тауы, оңтүстігін жоңғар ойпаты иеленіп жатқан бұл аймақтың 33 пайыз жері тау сілемдерінен тұрады. Ал 46 пайызы қуаң жер.

29 30

Алтай аймағы тауларының биігі теңіздеңгейінен 4375 метрге дейін жетеді. Мұнда 360 мыңға жуық қазақтар тұрады. Олар осы өңірдегі жалпы халық санының 54 пайызын құрайды.

37 35

Шығыс солтүстігі Моңғолиямен, солтүстігі Ресеймен, албатысы Қазақстанмен шекараласып жатыр. Қайнары Алтайдан басталатын Ертіс өзені бұл елдегі бірден-бір солтүстік мұзды мұқитқа құятын өзен саналады. Мұнда шамамен 160 мың қазақ ұлты мал шаруашылығымен айналысады. Бұл осы өңірдегі қазақтардың шамамен 45 пайызына тең.

1

Көшке қамдану алдындағы бір сәттік демалыс. Ит те ұзақ сапар алдында тынығып жатыр.

2 15 16

Аз тыныстағаннан соң көш қайта жалғасады.

3 614

Көш қамына кіріскен үлкендер кейде баланы да ұмытатын кездері болады. Қазақ ертегісінде жиі кездесетін «көште қалған бала» туралы әңгіменің төркінінде шындық жатыр-ау…

5 17

Көш көлігі үшін ерекше бағалы мал – түйе. Түйені қазақ сиырдан сирақты деп ардақтап, «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой» деп көшке бола оны ерекше бағалаған.

28 31 30 29

 

Серік Мұқыш

1962 жылы 8 тамызда Қытайда дүниеге келген. «Қытайэтнографиялық фотосурет» қоғамының магистрі, «Алтай аймағы фотосуретшілер» қоғамы басшысының орынбасары.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля