Гиппокампус тұқымдастарға әртүрлі ат басты теңіз балықтары жатады. Су асты әлемінде олардың 35 түрі бар. Әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие. Ең негізгі ерекшеліктердің бірі аналықтың орнына аталықтың уылдырық шашуында…
Барлығы ең алдымен биден басталады. Бірнеше күнге созылатын ұрықтану кезінде ат басты теңіз балықтары бірнеше сағат бойы жұптарын жазбай топтасып, тұмсықтарын бірінің үстіне бірі қойып, құйрықтарын айқастырып жүзеді. Осыған қатысты Скрипс теңіз зерттеу институтындағы Бирч аквариумының көмекші кураторы Лисли Матсушиги: «Дәл осы кезде олар жүрекке ұқсап кететінін білесіз бе? Көрдіңіздер ме? Бұл нағыз шындық», – дейді таңғалғанын жасыра алмай.
Бұл романтикалық қимыл, аталық көкірегіндегі қалташаның ашылып, аналықтағы ұрықтардың шашылуына алып келеді. Аналығы жүздеген ұрық шашады, ал аталығы болса сол ұрықтарды қоректендіріп, өсіп-өнуі үшін оларды өз бойына жинап алады. Ат басты балық тұқымдасына жататын теңіз инебалығы мен теңіз айдаһары аталығы да уылдырықтарын дәл солай өз денесінде жетілдіреді. Тек аталығында ғана жатыр іспеттес жабық қалташалар бар.
Тұқымына байланысты ұрықты жетілдіру уақыты 14-28 күнге дейін созылып, соңында аталық 1500-ден астам уылдырық шашады. Әдетте олардың жартысына жуығы ғана тірі қалады. Көбісі мекендеу ортасының бұзылуы, жыртқыштарға жем болу, балық аулау салдарынан жойылады. Көп жағдайда кәдесый немесе емдік дәрі-дәрмек ретінде сатылып кетеді. Матсушигидің айтуынша, жылына олардың 25 миллионға жуығы шығыс медицинасының қажеттілігіне пайдаланылады. Көңілге медет болары – олар тез көбейеді. Кейбір аталықтар таңертең жүздеген уылдырық шашып, кешкісін қайта ұрықтанып үлгереді екен.
Патрика Эдмонд