..."/>
ЗЕРТТЕУ

Орындалмаған арман

1-kopiya

Бұрынғы Кеңес одағының аумағында сапарда жүрген кезінде фотограф Данила Ткаченко қалың қардың жаууын апталап күтіп қалатын кездері де болған. Қаңырап қалған ғарыш айлақтары мен жерде қалай болса, солай шашылып жатқан мұнай сорғыларын өз көңілімдегідей етіп фотосуретке түсіру үшін «маған қардың көп жауғаны қажет, бұл – фотосуретке ерекше бір әсерлілік береді, былайша айтқанда, қанық түске бояйды» – дейді ол.

3-kopiya

Кей кездері ұйтқи соққан жел ақтүтек боранға айналып, Ткаченконың жоспарының күл талқанын шығарады: бір кездері жасампаздықтың белгісі болған ғимараттардың, құрылыстар мен ескерткіштердің қазір ешкімге қажеті жоқ, тот басқан күйі аспанға телміріп тұр. Ткаченко үшін бұл жәдігерлер «постапоклипсистік болашақтың метафорасы» іспеттес. 2012-2015 жылдар аралығында ол өзі «Жабық қалалар» деп атаған жобасы үшін айлар бойы осындай жерлерді фотосуретке түсірген еді.

4-kopiya

Бұл атау Ткаченконың суреттер жинағын түсіруді бастаған жерімен байланысты. 1957 жылы плутоний өндіру зауытында ядролық қалдықтарды сақтайтын қойма жарылып, біраз жерге радиактивті заттар тарайды. Ауыл-аймақтың ауасы қатты ластануына байланысты, кеңестіктер бұл жайды құпия түрде сақтап қалуға тырысты. Сондай жердің бірі Озерск еді. Бұл елдімекеннің тұрғындарына бұл жерде қалуға рұқсат берілгенімен, осында туыс­тары тұратын немесе қолдарында рұқсат қағаздары барларынан басқаларға кіруге тыйым салынды.

8-kopiya

Ткаченко Алматы қаласы маңындағы Кеңес одағы кезінен қалған обсерваторияға да бас сұқты. Кезінде аспан денелерін бақылайтын басты нысан саналған ғимарат қазір қаңырап бос тұр. Мұндай жерлерге келгенде Ткаченко «оларға деген қызығушылықпен қоса, өзін сәл қорқыныш сезімі билеп, ыңғайсыз сезінетіндігін, ойламаған жерден басқа планетаға тап болып, құрдымға кеткен өркениеттің қалдықтарын көргендей әсерде болатынын» айтады.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, Ткаченконың атасы радиация салдарынан ұзақ жылдар бойы зардап шегіп, 2007 қайтыс болды. Оған дейін ата-әжесі Озерскіде тұрды. «Дәл осы оқиға маған қатты әсер етті және терең ой салды», – дейді Ткаченко. Әжесі сонда тұрғандықтан, 2012 жылға дейін ол осы жабық қалаға барып, сол жерді фотосуретке түсіріп алып жүрді.

Озерскіні фотосуретке түсіру Ткаченконы осы сияқты дамуға ұмтылу науқанының символы болған, бірақ бүгінде қаңырап бос қалған нысандарды іздеуге итермеледі. Бітпеген утопиялық ірі құрылыстарды суретке түсіру мақсатында ол Кеңес Одағының бұрынғы үш республикасы мен Болгарияға сапар шегіп, зерттеулер жүргізу үшін ол нақты жерлерді белгілеп алды.

33-kopiya

Ресейдің Қазан қаласының оңтүстігінде ол тот басып, құрып бара жатқан «Булгария» саяхат кемесін суретке түсірді. 2011 жылдың шілде айында кенеттен болған дауылдан кеме Еділ өзеніне батып кетті, ақырында 120-дан астам адам опат болды, олардың көбі балалар еді. Тексеру жұмыстары үшін өзен табанынан көтеріліп, шағаға шығарылған кеме сол орнында ескерткіштей қаздиып әлі тұр.

Ткаченко тоқтаған жерлердің бірі – Воронеж қаласының жанындағы «Азат етуші сарбаздарға» арналған ескерткіш. Естуінше бұл ескерткіш кезінде атом стансысы жұмысшыларының мере­йін арттыру үшін тұрғызылған екен. Алайда құрылыс аяқсыз қалып, стансы сол қалпы ашылмаған.

32-kopiya

25 жастағы Ткаченконың айтуынша, мұндай жерлерді фотосуретке түсіру кезінде қауіпсіздік қызметі оған еш кедергі жаса­маған. Алайда оның сапарлары қиындықсыз болды деуге болмайды. Айталық, радиациямен уланып қалу немесе бұзылған құрылыстарды фотосуретке түсіру кезінде жарақат алу сияқты жағдайлар жиі кездесіп отыратын.

Оның жобасының негізгі мақсаты бұрынғы Кеңес одағындағы сәтсіздіктерді емес, керісінше, жалпы технологияның іске аспай қалуын көрсету еді. «Жетістік адамзаттың игілігі үшін қызмет етуі керек деген ой ешқашан санамыздан шыққан емес», – дейді Ткаченко.

18-10000-kopiya

Авторы: РЕНА СИЛЬВЕРМАН

Фото: ДАНИЛА ТКАЧЕНКО

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля