..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Цунами естеліктері

Бес жыл бұрын наурыз айын да Жапонияның шығыс жағалауынан алшақтау жерде үлкен жер сілкінісі болды. Ол су тасқынына ұласып, арал халқын орасан зор шығынға батырып кетті. 16 000-ға жуық адамның өмірін жалмап, тірі қалғандарды әбігерге салды. Шығын көлемі 200 миллиард долларға бағаланды. Қатты соққылардың бірі Жапонияның ең үлкен аралы – Хончудың солтүстік-шығыс жағалауындағы кішігірім балық аулау қоғамы – Отсучиге тиді. 2012 жылдың қазан айы. Алехандро Часкелберг Отсучиге келіп жетті. Аргентиналық фотограф достары мен туыстарынан сол қала туралы естіп, қираған жерді түсіріп ақпарат жинағысы келді. Апатты жерлерде тау болып үйілген қалдықтар арасында адам өліктері табылған жерлерге қызыл жалау қадалды. «Бұл өте қайғылы жағдай, сол себепті мен бұл жерлерді тек қара-ала суретке түсірем деп шештім. Ол жерде жалаудың қызылынан басқа бөтен түс болған жоқ», – дейді фотограф. Көшеден су шайған отбасылық альбомның сиясы араласқан бұлдыр суреттерін тауып алған Алехандроның бойын үрей биледі. Мұның барлығы цунамидің кесірі деп іштей қынжылды ол.

06-10-16

Жапонияның Отсучи қаласындағы бір отбасы мүшелері үйлерінен қалған қирандыда отыр. Бұл 2011 жылғы цунами салдарынан болған жер сілкінісі кезінде жермен-жексен болған көптеген тұрғын үйлердің бірі.

Көз алдында тұрған осы бір трагедиялық көріністі Часкелберг тарихта қалдыр ғысы келді. Тұрғындардан жұмыс орындары мен ескі үйлерінің үйіндісі маңында еш қозғалыссыз тұруларын өтінген ол іске кірісті. Алайда алғашында жергілікті халық бұл ойға күмәнмен қарап, көнбеді. Ол студенттерге фото жұмыстарын көрсетіп, тіпті, төрт айлық қызын да Отсучиге алып келгеннен кейін бәрі түбегейлі өзгерді. Соңында оның жобасы қаланы қалпына келтіру үрдісіне айналып кетті. Часкелберг нысандарды суретке түсіру үшін ай, көше жарықтары мен ұзақ жарық әдісін қолданды. Болымсыз реңді көшіріп алғаннан кейін, ол қараңғы цифрлық бөлмесінде фотоальбомның нағыз қанық түсін бір-біріне сәйкестендіріп бояп шықты. «Өткен мен осы шақты байланыстыратын естелікті қалпына келтіру аса маңызды», – дейді ол. Отбасылық суреттер – біздің естеліктеріміздің және тұтас тығымыздың айғағы. Адамдар цунами кезінде барын жоғалтты. Сондықтан оларға көмектесетін жол керек. Оның айтуынша, нәтиже жаман болмады. Өткен мен бүгінге көпір бола алатын естеліктерді қайта қалпына келтіруде медиативті шаралардың маңызы зор. Отбасы суреттері ескірмейтін естеліктер іспетті.

06-10-16_2

Отсучиге барған алғашқы саяхатында фотограф Александро Часкелберг бір топ адамды суретке түсіріп алды. Олардың арасында Койчи Миура (сол жақтан екінші), Таканобу Саса (оң жақтан екінші) және олардың туысқандары бар. Олар қирап қалған балық өңдеу портында тұр. Екінші саяхатында ол бір топ еріктілермен бірге қалдықтардың арасынан жүздеген суреттерді тауып, қалпына келтірді (сол жақ жоғарғы бұрышта).

06-10-16_3

Балық аулау маусымының қарсаңында жолбарыс киімдерін киген жергілікті халық дәстүрге айналған ұлттық билерін билеп жатыр. 2011 жылы Цунами биіктігі 6,5 метр бөгетті қиратып, бір көпірді шайып, екіншісін бұзып өткен еді. Тұрғындардың көпшілігі өмір сүруге қажетті заттар мен қаражаттарын су тасқынында жоғалтты. Бүгінгі күні Отсучиді қайта жөндеу басталды, бірақ қайта тұрғызу бірнеше жылдарға созылатыны айдан анық.

06-10-16_4

Кирикири жағалауын да тұратын бес серфер (солдан оңға қарай) Саточи Тзучизауа, Кей Сугимото, Хироши Сугимото, Юя Миура және Риеко Сугимото цунамиден бұзылған қорғаныс кедергісі жанында. Апаттан бері үш жыл өтті. Тас қараңғыда мынадай суретке қол жеткізу үшін, Часкелберг олардан ең маңызды жер таңдауын сұраған. Бәрінің ойы бір жерден шыққан соң, осы жер таңдалды. «Бұл суреттер түсіріліп жатқан кезде, біз ерекше әсерде тұрдық», – дейді олар.

Авторы: ЖЕРЕМИ БЕРЛИН

Фото: АЛЕХАНДРО ЧАСКЕЛБЕРГ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля