..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тасқа айналған жәндік

 

new_lateral

20 миллион жылдан астам уақыт бұрын ұзындығы 2 см-ге жетер-жетпес саламандра тумай жатып, аянышты жағдайда ажал құшты. Өрмекші, құс немесе жылан сияқты аш жыртқыштардың бірі оның алдыңғы сол жақ аяғын жұлып алған. Кесірткенің баласы қашып құтылғанымен, ағаштың қуысына түсіп кеткен тәрізді. Ал шайыр толы шұңқыр кішкентай қосмекендіні кәріптасқа (янтарь) айналғанша сақтаған.

Әйгілі кәріптас маманы, Орегон мемлекеттік университетінің биологы Джордж Пойнардың айтуынша, ол бірер жыл бұрын Доминикан Республикасынан өзі тапқан аталмыш үлгінің бірегей дүние болатынын әуелде сезінбеген. Кейін жүргізілген зерттеу жұмыстары кәріптаста сақталған мұндай саламандраның бұрын-соңды болмағандығын және оның Кариб аралдарында тіршілік еткенін айғақтайтын бірден-бір жалғыз жәндік екенін анықтаған.

Аталмыш саламандра артқы және алдыңғы аяқтарының жарғақ бітімі сияқты айқын физикалық ерекшеліктеріне бола жаңа түр ретінде қарастырылып отыр. «Бұдан шығатын қорытынды, егер біз белгілі бір жерден ештеңе таппай жатсақ, миллион жыл бұрын онда ешқандай тіршілік болмады деу дұрыс емес» – дейді Пойнар. – А.Р. Уильямс

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля