..."/>
ЗЕРТТЕУ

Үй ішінен үй тіккендер

001

Патшалығы жоқ патшаны әсте шарасыз деуге болмас. Атаққұмар билеушілердің дербестікке, саяси диверсияға немесе діни бостандыққа талпынып, кей жағдайда күлкі шақыратын территориялық шағымдар түсіруі – ғасырлар бойына созылып келе жатқан құбылыс. Кейбіреулер мұндай территорияларды «микроұлттар» деп атайды.

004

Халықаралық заң талаптары бойынша, мемлекет болу үшін оның үкіметі, тұрақты халқы, анықталған шекарасы мен халықаралық қатынас жасауға қауқары болуы тиіс. Қажет десеңіз, қайсыбір шағын мемлекеттердің өз туы, конституциясы мен жеке валютасы да бар. Бірақ олардың дені мойындалмаған мемлекеттер. Олар өз билеушілері ойлап тапқан сырт әлемде өмір сүреді. –Нина Строчлик

002

008

ЭЛЛЕОРЕ
271 эллеорлық арал патшалығына жылына бір мәрте жиналады. Патшалықтың негізін 1944 жылы мектеп мұғалімдері қалаған.

005

СОЖЕ
Кейбір деректерге сүйенсек, Франциядан 1947 жылы бөлініп шыққан бұл ел иесінің билік өкілінен әзілдеп рұқсат қағаз сұраған сәтінен бастап пайда болған.

003

МАЛОССИЯ
Президент Кевин Боның Соғыс Министрлігі жаяу әскер мен теңіз флотына деген жоспарларын қайта қарастыруда. Алайда Невада шөлінде оның соғысқа кез келген уақытта дайын тұрған бес салы бар.

006

АТЛАНТИУМ
Австралияның бір шаршы шақырым жерін алып жатқан патшалықта 3000 тұрғын бар, бірақ олардың бір де біреуі бұл жерде шын мәнінде тұрмайды, көбісі интернет арқылы тіркелгендер. Ал император Георг ІІ, пирамидасы бар дүниені әлемге әйгілі Airbnb сайтында жалға беріп келеді.

007

СУРЕТТЕР: ЛЕО ДАЛАФОНТЕЙН (A, B, C, D); МАЛОССИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ (ВАЛЮТА); АТЛАНТИУМ ИМПЕРИЯСЫ (МАРКАЛАР)

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля