..."/>
ЗЕРТТЕУ

Отарбаның жолымен орғып өткен дөңгелек

nationalgeographic_2329798

Жүк көліктері өте алмайтын жерлерден велосипедпен өтуге болады. «Бізді қинағаны – жолдың ұзақтығы емес, ой-шұңқыры», – дейді Хемес.

Лаос пен Қытайды жалғап жатқан мың шақырымдық жолды велосипедпен өтуге бел байлаған Кайл Хеместің бар мақсаты жолдың қиындығын өз көзімен көру еді. Ойлы-қырлы, ну орманды және көп бөлігі жолсыз болып келетін Солтүстік Лаоста халық о заманнан таулықтар мен мемлекеттік мекемелердің дені шоғырланған қыр халқы болып екіге бөлінеді.

Алайда жақында бір өзгеріс болатын сыңайлы. Көрші мемлекеттермен теміржол мәселесін ұтымды шешіп жүрген Қытай үкіметі Лаостың Вьентьяны мен Қытайдың Куньмин қалалары арасында жоғары жылдамдықты теміржол салмақшы. Ал осы қашықтықты велосипедпен өтпек болған «National Geographic-тің» жас зерттеушісі Хемес Лаостың таулы аймақтарында оқшау өмір сүретін хмонг, хани және кхму сынды тайпаларға XXI ғасыр инфрақұрылымының әсері қалай болатынын зерделеп көргісі келді.

Бас-аяғы тоғыз аптаға созылған күрделі сапарда Хемес таңғажайып дәстүрлерді де, аш қалу қаупін де, велосипедте ұзақ отырудың азабын да көріп бақты. Десе де, қыстақ ақсақалдары мен тұрғындары Хемес пен оның серіктеріне асқан қонақжайлылық танытты. Хемес осы жерде он бес жасар жасөспірім арқылы мәдениеттер қақтығысын да байқады. Ұялы телефон ұстайтын жасөспірім мұғалім болуды армандаса, ата-анасы оның қыстақта қалғанын құп көретін сияқты. Жалындап тұрған жастың өстіп екі оттың ортасында қалатыны қиын-ақ. – Дэниел Стоун

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля