Перудегі Вичама елдімекенінің жағалау бөлігінен саздан, күйдірілмей жасалған үш мүсін табылды. Табылған бейнелер ежелгі Караль мәдениеті дәуіріне тиесілі билік өкілдері болуы мүмкін деген болжам бар. Ұзындығы 23 см-ге жуық ең үлкен мүсін ақылман ана, ал ұзын, сары шашты ер адам мен екінші әйел саяси көсемдер болуы кәдік. Олар бетпе-бет күйде, бірінің ішіне бірі салынған екі қораптан шыққан.
Археологтар әйел мүсіндер шаһарды құрғақшылықтан құтқару үшін күрескен нәзік жандыларға тиесілі болғандығына еш күмән келтірмейді. – ARW