Көзі қарақаттай қара, дене бітімі тіп-тік бұл мақұлықтың тұрысынан қырағылық сезіледі.
Қызыл құйрықты құмтышқанның бойы 13-16 сантиметр аралығында болса, құйрығының ұзындығы 12-16 сантиметр, ал салмағы 70-тен 125 грамға дейін барады. Жотасы мен бүйірлері ашық сары, ал бауыры – ақшыл болса, артқы аяқтары алдыңды аяқтарынан төрт есеге дейін ұзындау келеді. Жылына үш рет балалайтын бұл кеміргішті негізінен Орталық Азия, Батыс Қытай және Шығыс Еуропа жерінен де кездестіруге болады. Олар көбіне шөлді және шөлейтті жерлерді мекендейді.
Еңбекқор тышқан жаз айларында ініне 12 килограмға дейін қысқа азық қорын жинап үлгереді.
Композициялық жағынан өте сәтті шыққан бұл суретті «National Geographic Қазақстан» журналының тілшісі Маңғыстау облысы аумағында түсіріп алған.
Фото: Ерболат Шадрахов