..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қалалық саябақтар

Табиғатпен етене өмір

Чонгечон Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы арқылы ирелеңдеп ағып жатыр. Кезінде қаланың күре тамыры болған өзен біраз жыл бойы көзден таса қалған еді. Бүгінде көпшіліктің сүйікті орнына айналған өзен суының сылдырлап аққан үні жаныңа жай таптырады.

Чонгечон Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы арқылы ирелеңдеп ағып жатыр. Кезінде қаланың күре тамыры болған өзен біраз жыл бойы көзден таса қалған еді. Бүгінде көпшіліктің сүйікті орнына айналған өзен суының сылдырлап аққан үні жаныңа жай таптырады.

Кен Оттербург

Фото: Саймон Робертс

Мұнда тұмса табиғат пен қала өмірінің арасында нәзік сәуле іспеттес бір тылсым күш бар.

Огайоның солтүстік шығысындағы аты белгісіз жылғаны бойлап, тақтатастары жарым-жартылай бұзылған аңғардың ішінде, құлаған ағаштардан аттап жолсызбен келемін. Кішігірім тастан құлай аққан су лайланып кеткен. Жылға суы мен ағаш жапырақтарында күн сәулесі ойнайды. Аяқ киімімді шешіп, кішкентай иірімге аяғымды салып едім, башпайларымның арасына кірген батпақ мұздай екен. Алыстан, төбенің ар жағынан қаланың шуылы талып естіледі. Мұнда өркениет әрі жақын, әрі алыс сияқты көрінеді. Қалалық саябақтың ерекшелігі де бізге осындай сезімді сыйлауында болса керек.

Кайахога алқабы Ұлттық паркінің бір пұшпағы саналатын бұл саябақ Кливленд пен Акронның ортасында қабат-қабат салынып жатқан құрылыстар арасында орналасқан. Саябақтың басты нысаны – кезінде бетіне жиналған мұнай қалдықтарынан өрт шығып, қоршаған ортаға жасалған залалдар турасындағы барша әңгімелердің арқауы болған Кайахога өзені. Саябақ сол өрттен кейін, араға бес жыл салып барып, яғни 1974 жылы құрылды.

Сәт сайын таңғалдыратын ғаламат көрініс. Ағаштар арасынан құм жартастарды байқауға болады. Ілгеріде көлік жөндейтін орын болған бұл жердегі ескі арықты құндыздар бөгеп, қазір тоғанға айналдырған. Бір кездері Кливленд Кавельерс баскетбол командасы жиналатын кешеннің бір жағында сұңқарды көруге лайықтап жасалған алаңқай бар. Иек астында қатарласа, бір-бірімен жарыса бой түзеген жасанды һәм табиғи бақтар ескі арықты жағалай салынған жолмен жүрген велосипедшілердің, жаяу жүргіншілер мен желаяқтардың назарын еріксіз өзіне аударады.

Бұл – осы заманғы қалалық саябақ. Оның бұрындары жүйелі түрде салынған көпшілік орындарынан айырмашылығы – аталмыш саябақтар қала аумағындағы ағаштары сиреген жерлер, қаңырап қалған әскери базалар мен әуежайлар, жаңбыр суына арналған жүйелер, теміржолдар мен көпірлер сияқты қажетсіз болып қалған орындардан қырық құрақтан тігілген көрпедей құрастырылатындығы.

Эксперимент жаһандық деңгейде жүріп жатыр. Нью-Йорк қаласындағы Хай-Лайн жобасы шабыт берген теміржол саябақтары бүгінгі таңда Сидней мен Хельсинки сияқты біраз қалаларда бой көтеруде. Сингапурдің Чанги әуежайында жасанды тропиктік орман пайда болса, Мехико қаласының шетіндегі Текскоко көлінің орнына үлкен саябақ салынады деп жоспарлануда.

Өз басым осы бір инновациялардың ауқымына тәнті болып, соған жұмыс істейтін адамдардың құштарлығынан орасан қуат аламын. Зерттеп-зерделей келе мен қалалық саябақтардың таңғажайып ормандарды, таулар мен шатқалдарды қорғап тұратын үлкен және көбінесе шалғайда орналасқан саябақтардың орнын толтыра алмайтынын түсіндім. Олардың мақсаты да басқа, әлбетте. Ақиқаты сол, бізге олардың екеуі де керек.

Сан-Франциско шығанағының таңғажайып табиғаты скейтбордтпен сырғанау үшін Орегоннан келген Бен Фернихау сияқты саяхатшылардың назарын өзіне аударады.

Сан-Франциско шығанағының таңғажайып табиғаты скейтбордтпен сырғанау үшін Орегоннан келген Бен Фернихау сияқты саяхатшылардың назарын өзіне аударады.

ЫСТЫҚ ТА БҰЛЫҢҒЫР БІР КҮНІ ТҮСТЕН КЕЙІН мен Сеулді тура ортасынан жарып ағатын Чонгечон өзенінің бойымен алты шақырымдық қашықтықты жаяу жүріп өтпек болдым.

Ертеректе өзеннің жағалауында ғашықтар кездесіп, әйелдер оның суына кір жуатын болған. Алайда Корей соғысынан кейінгі Сеулдің қарқынды дамуы барақ үйлердің санын көбейтіп, ауаны ластап, өзенді көзге күйік ететін жағдайға жеткізді. 1958 жылы оның үстіне жол салынса, 1976 жылы аяқталған автомагистраль өзеннің жайын мүлде ушықтыра түсті.

Атқарушы билік пен оңтайлы сәт болмағанда Чонгечон сол қалпы қала берер ме еді, кім біледі?! 1990 жылдары ғалымдар мен инженерлерден тұратын шағын топ өзен аңғарын тазалау жолын қарастыра бастады. Олар өзен гидрологиясын зерттеп, күніне 170 мың көлік өтетін автомагистраль мен көпір астындағы жолды алып тастаған кезде пайда болуы мүмкін жол кептелісін қалай азайтуға болады деген сұраққа жауап іздеді. «Мәселе қаражатта емес, ниетте болған секілді» – дейді Йонсей университетінің қоршаған ортаны қорғау инженериясы саласының оқытушысы Нох Су Хонг.

Бұл жобаға жетіспейтіні ықпалды бір жетекшінің болмауы еді. Ал Ли Мен Бак негізінен күре жолдарды салумен айналысқан құрылыс компаниясында атқарушы директор болып жұмыс істеген адам болатын. Ол өзенді қалпына келтіру ісін 2002 жылғы Сеулдің мэрі үшін болған сайлау науқанында басты мәселе етіп көтерді, әрі жеңіске жетті. (Бес жылдан кейін ол Оңтүстік Кореяның президенті болып сайланды.) «Бұл аса қауіпті идея еді», – дейді бас жобаны жасауға көмектескен тасымалдау инженері Хван Ки Йон. «Бұл жолды салған мен. Енді маған оны бұзу керек» деп шешті Ли Мен Бак».

2003 жылы құны 372 миллион доллар тұратын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Алдымен биік автомагистраль бұзылды. Сосын көпір асты жолы күреліп, өзен қайта құрғап қалды. Басқа да қалпына келтіру жұмыстары сияқты бұл жоба да өзеннің бұрынғы көрінісін сақтап қалуды мақсат тұтпады. Өзеннің суы тұрақты болмағандықтан, су бірде болмай қалса, жаздың жаңбырлы айларында арнасынан асып кететін. Күніне Хан өзенінен 120 мың метрикалық тонна су жеткізетін сорғы стансысының арқасында өзен қазір бір қалыпта ағып жатыр.

«Көпшілік мұны жасанды өзен немесе аквариум деп сынап жатады» – дейді арықша келген, қимылы ширақ Ли Ин Кун Чонгечонның бас жағына қарай бара жатқанымызда. Өзеннің жағасындағы жолдар суды тамашалап, терең жерлерде демалып жатқан тұқы балығын таңдана көрсетіп тұрған адамдарға толы. Зерттеулерге сүйенсек, Сеулдегі шіліңгір ыстық күндері өзеннен салқын леп есіп тұрады екен. Қайта жөндеу жобасымен танысып шыққан Ли Чонгечонның жасанды өзен екендігін мойындайды. Алайда бұның ол үшін еш маңызы жоқ. Ол қандай да бір табиғат көрінісін нағыз табиғи орта сияқты аса маңызды деп біледі. «Осы қаланың бар байлығы бұл. Он миллион адам тұратын қаланың ортасынан судың сылдырлап аққанын естуді көз алдыңызға елестетіңізші. Адам нанғысыз жағдай ғой».

Чонгечон мұнарадай биік кеңсе ғимараттарынан тұратын қаржы орталығынан басталады.

Шығысқа қарай аққан сайын оның ернеуі кеңейіп, бетонның орнын қамыс пен орман алқабы басады. Өзен әрі қарай сәні мен салтанаты жарасқан сауда орындары мен ескі көтерме сауда орталықтарының, сосын қамалға ұқсас үлкен тұрғын үй кешендерінің жанынан ағып өтеді. Бір жерлерде бетонды аркалар кездесіп қалады. Ескі автомагистральдың бір бөлігі өткен күн мен инженерияның қаншалықты тез өзгеріп отыратындығын еске салып қояды. Сеулдің көптеген тұрғындары бір заманда өзеннің тартылып, балық аулап, судың сәнін келтіретін көкқұтанның жоғалып, су бойының сұрықсыз тартқанын қинала еске алады.

Ән айтқан әншінің даусын естіген кезде мен Чонгечонның аяқ жағына таяп қалған едім. Мен оның даусы шыққан жаққа – кәріс поп музыкасын ойнап жатқан көпірдің астындағы cахнаға қарай беттедім.

Жиналып отырған зейнеткерлердің шет жағындағы орындыққа жайғастым. Сол сол-ақ екен, жымиысы сондай сүйкімді әйел табанды түрде мені биге шақырды. Біз қала мен қала арқылы өтетін саябақ сияқты бірігіп, қол ұстасып, музыканың әуенімен билей жөнелдік.

1660 СЕНТ ДЖЕЙМС САЯБАҒЫ, ЛОНДОН, АНГЛИЯ


Британдық сарбаздар патшайымның туған күні құрметіне өткізілетін салтанатты шеруде сап түзеуде. Шеру «Букингем» сарайының жанындағы саябақтан өтеді. Әуелде батпақты болып, одан кейін Генрих VIII бұғы аулайтын қорыққа айналдырған бұл жер 1532 жылдан бері корольдіктің меншігінде. Чарльз ІІ патша тағына отырғаннан кейін бұл жерді көпшілікке арналған алғашқы саябаққа айналдырды.

Британдық сарбаздар патшайымның туған күні құрметіне өткізілетін салтанатты шеруде сап түзеуде. Шеру «Букингем» сарайының жанындағы саябақтан өтеді. Әуелде батпақты болып, одан кейін Генрих VIII бұғы аулайтын қорыққа айналдырған бұл жер 1532 жылдан бері корольдіктің меншігінде. Чарльз ІІ патша тағына отырғаннан кейін бұл жерді көпшілікке арналған алғашқы саябаққа айналдырды.

«БАРЛЫҒЫ ОСЫ ЖЕРДЕН БАСТАЛҒАН» – деді Эми Мейер Сан-Францисконың солтүстік батысындағы Голден Гейт Ұлттық демалыс аймағының бір бөлшегі саналатын Форт Майлиге қарай баратын жолға түскенімізде. Жолдың ортасында бізге тесіле қарап койот тұрды, оның орнынан қозғалайын деген ниеті көрінбейді. Ұлттық саябақ қызметі жылдар бойы қалаларда жұмыс атқарып келгенімен, Голден Гейтті құру қалалық саябақ саласындағы айтарлықтай жетістік ретінде бағаланады.

Мейердің жасы қазір 82-де. Ол 1969 жылы үйінен жарты шақырымдай жердегі бос жатқан жағалауды қорғау нысанының орнына мұрағат орталығын салу жобасы жайлы естіген кезде балалы болуына байланысты үйде отырған еді. Нысанды ашық алаңқай ретінде сақтап қалу шарасын ұйымдастыра бастаған ол, кейіннен қаланы дамыту жобасы Марин Хедлендстің ерекше сұлу табиғатын бұзуы мүмкін деп байбалам салған Голден Гейт Көпірінің белсенділеріне қосылады.

Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі Гэйтуэй Ұлттық Демалыс аймағы сияқты Голден Гейт те 1972 жылы салынды. Бұл жаңа саябақтар Саябақ қызметінің жабайы табиғи саябақтармен ғана шектеліп қалмай, қалаларға жақын жерлерден қолжетімді саябақтар салу ісімен де айналысу қажеттігін көрсетті. Кезінде Ішкі істер министрі, әрі Алясканың бұрынғы губернаторы болған Уолтер Хикел: «Біз адамдарды барлығы бетоннан жасалған ортада тұруға мәжбүрлей бермей, оларға табиғатты жақындастыруымыз керек», – деп еді.

Жылына 15 миллиондай турист келетін, ұлттық саябақтар жүйесіндегі адам ең көп жиналатын саябақтың бірі Голден Гейтте адам қарасы үзілмейді. Ол қаншама шақырымға созылған жағалау мен биік жартастарды, қарағайлар мен ескі әскери ғимараттарды қамтитын Сан-Франциско шығанағы кіреберісінің екі жағын қоршай орналасқан. Осы жерге күн сайын салмен келіп жатқан 4000 саяхатшы бұрынғы федералдық түрмелерді көруге Алькатрас аралына аттанады.

Саябақ іші қайнап жатыр. Жергілікті тұрғындар таңғы серуенге шығып, әрі-бері жүрген туристерге, фрисби ойнап жүргендерге, алаңға жиналған адамдарға, қарғы баумен немесе бос жүрген иттерге қызықтап қарап қояды. Көптеген саяхатшылар өздерінің ұлттық саябақта жүргенін білмейді. Оларды түсінуге болады. Өйткені мұнда кіріп-шыққаныңды білдіретін қақпа атымен жоқ. Оған қоса, теңізге жақын жерде ұлттық саябақпен шекаралас жататын Сан Францисконың қалалық Голден Гейт Саябағы тағы бар.

Саябаққа келетін топ негізінен дельтапланшы мен саясаткерлерден, серфингшілер мен саябақ арқылы жұмыстарына баратын тұрғындардан тұрады. Ресурстарды қалай басқару керектігі жайлы даудың күшті болатыны да осыдан.

1858 ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ НЬЮ-ЙОРК


Манхеттеннің зәулім үйлері қоршап һәм үнемі көлеңкелеп тұратын жасыл желекке жылына 42 миллион адам келеді. Келушілердің көп болуына қарамастан, саябақ адам жанына аз да болса тыныштық сыйлай алады. Джефри Уорд сияқты құсбегілер (оң жақта) көктем және күз айларында жыл құстарының мекеніне айналатын әйгілі жабайы орман алабы – Рэмблде демалыс күндері бас қосады.

Манхеттеннің зәулім үйлері қоршап һәм үнемі көлеңкелеп тұратын жасыл желекке жылына 42 миллион адам келеді. Келушілердің көп болуына қарамастан, саябақ адам жанына аз да болса тыныштық сыйлай алады. Джефри Уорд сияқты құсбегілер (оң жақта) көктем және күз айларында жыл құстарының мекеніне айналатын әйгілі жабайы орман алабы – Рэмблде демалыс күндері бас қосады.

«Біз демократия жағдайында өмір сүрудеміз, ал демократия болса былыққа толы», – дейді Голден Гейттің бақылаушысы Крис Лехнерц. Расында да, бір ғана иттерді алып жүру ережесінің күн тәртібіне қойылғанына он шақты жылдың жүзі болды.

Сонымен қатар Лехнерцке баспанасыз жандарға қамқорлық көрсету мәселесі турасында жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс істеуге тура келеді. «Мұнда әдемі сүрлеу жолдарда итін қыдыртып жүрген адамдармен қатар түнін осында өткізетін үйсіз жандарды да үнемі көріп тұрамын» – дейді ол.

Бірде таңертең мен Сан-Францискодан түстікке қарай сегіз шақырымдай жол жүріп, Тынық Мұхитқа керемет көрініс ашылатын Милагра Риджге келдім. Пасифика қаласының маңындағы ақшаңқан ғимараттар қырқалар мен ондағы қызыл түсті бұталар һәм жағалау бойындағы көк шалғынды көлегейлей береді екен. Қырғи-қабақ соғыстың қызып тұрған шағында әскери базаның қызметін атқарған бұл жер темір тормен қоршалып, оны иттер күзететін. Аталмыш тау жотасы кейіннен Голден Гейттің қарамағына өтті. Қаптаған үйлерден зау биікте орналасқан бұл жер таза да көрікті аралға айналып, калифорниялық қызыл аяқты бақа сынды жойылып бара жатқан тіршілік иелеріне таптырмас пана болды.

Былтыр 100 жылдық мерейтой қарсаңында Ұлттық Саябақ қызметі таныстырған «Қалалық күн тәртібі» жобасы тез арада жасалғанымен, шынтуайтында, ол сонау 1970 жылдары басталған саябаққа қатысты істі қолға алу қажеттігі жайлы үндеудің жалғасы болатын. Аталмыш баяндамада оның игі іс болумен қатар, Америка демографиясының қарқынды өзгеріп жатуына байланысты, қала халқы өсіп келе жатқан алуан түрлі Америкаға сәйкестендіру үшін қолайлы саясат болып табылатындығы баса айтылады.

Индиана Ұлттық Қорығы – жаңа тәртіппен жұмыс істейтін орындардың бірі. Индиананың солтүстік батысындағы Мичиган көлін бойлай орналасқан болат зауытына жақын орналасқан ол Американың кедей қалаларының бірі – Гэридің көзге көрінбейтін жағалау сызығына дейін созылып жатыр. «Үлкен саябақтарға ауқатты, ақ нәсілді бай адамдар келеді» – дейді саябақ бақылаушысы Пол Лабовиц. Жалпы Саябақ қызметінің болашағы жаңа туристерді тартумен тікелей байланысты десек, қала саябағы жағдайында ол әбден мүмкін дүние. Лабовицтің айтуынша, мұндай саябақтар енді ғана пайда болып жатқандықтан, олар эксперименттерге қарсы тұрарлықтай қауқарлы емес.

006

Шекарасы белгілі, көлемі айқын ДӘСТҮРЛІ ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚТАРДЫ ешкім жоққа шығарып отырған жоқ, әрине. Кез келген ел оларды көздің қарашығындай сақтауда. Бар кілтипан – қазір әр шаршы метрі игеріліп кеткен қала ішінен ондай саябақтарға қажетті жерді табу қиямет-қайым іс. Құрама Штаттар мен басқа да елдерде жаңадан салынатын қалалық саябақтарға жер тауып, оны игеру қиындық тудырып жатқаны содан. «Қазір бұқара халықтың сын-ұсынысы да, бақылаушы органдардың қадағалауы да күшті» – дейді Нью-Йорк қаласының бұрынғы парк комиссары, Қоғамдық Жер қорының қала саябақтарын дамыту жөніндегі директоры Адриан Бенепе. Оның айтуынша, «Қалалар денсаулық сақтау мен білім беру үшін ақша төлейтіндіктен келіспеушіліктер болып тұрады. Әдетте, саябақтарға кезек ең соңынан тиеді». Адрианға сенсек, бүгінгі таңда саябақтар салып, оларды іске қосуға жеке бизнес өкілдері сенімді көрінеді.

Пресидио – осындай кәсіпкерлік ақыл-оймен басқарылатын әлемдегі ең үлкен қалалық саябақ. Голден Гейт Демалыс аймағының бір бөлігі болған бұрынғы әскери базада орналасқандықтан өз бетінше қызмет етеді. Сан-Франциско шығанағына кіреберісте орналасқан Пресидионы басында Испания, сосын Мексика пайдаланса, 1846 жылы АҚШ қолына өтті. 1989 жылы Пресидионы ұлттық қорғанысқа қажеті жоқ деп тапқандықтан, 603 гектар жерге орналасқан барактар мен ғимараттар, алқаптар мен көз тартар аллеялардың барлығы да жабылып қалды.

Содан 1994 жылы Саябақ қызметінің қарамағына өтті. Басқа саябақтардан айырмашылығы, Пресидионың өз директорлар кеңесі бар. Оған кіріс негізінен бұрынғы әскери тұрғын үйлерді, госпиталь мен әкімшілік ғимараттарын тұрғындар мен саудагерлерге жалға беру арқылы түседі. Жеке қожалықта 4000-дай адам жұмыс істейді және олардың 3 500-ден астамы қайта жөндеуден өткен базада тұрады. Бір кезде армияның штаб офицерлері тұрған қымбат аудандағы бір үй айына 12 000 долларға жалға беріледі. Жалға беруден түскен қаржыны үйлерді қайда жөндеуге, жаңартуға, күтуге жұмсайды. Биологиялық алуан түрлілікті қалпына келтіру жобасының бір бөлігі болып табылатын батпақты жерлерді қайта өңдеу процесі тарихи деуге келмегенімен, бағасы қалта көтерерлік үйлерді құлатуды қажет етеді. Бұл тарихи және жаңа заман қажеттіліктеріне талдау жасап, кез келген дүниені тепе-теңдікте ұстау керектігін көрсетеді.

1926 ГУЭЛ САЯБАҒЫ, БАРСЕЛОНА, ИСПАНИЯ


Антони Гаудидің жобасы бойынша салынған аталмыш саябақ Барселонаның жұмысын тоқтатқан бір ауданында орналасқан. Қала әкімшілігі жобаны сатып алып, көпшіліктің игілігіне айналдырды. Айдаһарға ұқсайтын сатылары мозаикалық тақталармен қапталып, түрлі-түсті саламандер саябақтың бейресми бойтұмарына айналған. Бағаналардың үстіндегі кең алаңқайдан қала мен Жерорта теңізінің көрінісі ерекше көз тартады.

Антони Гаудидің жобасы бойынша салынған аталмыш саябақ Барселонаның жұмысын тоқтатқан бір ауданында орналасқан. Қала әкімшілігі жобаны сатып алып, көпшіліктің игілігіне айналдырды. Айдаһарға ұқсайтын сатылары мозаикалық тақталармен қапталып, түрлі-түсті саламандер саябақтың бейресми бойтұмарына айналған. Бағаналардың үстіндегі кең алаңқайдан қала мен Жерорта теңізінің көрінісі ерекше көз тартады.

ТҰМСА ТАБИҒАТТЫ нақты белгіленген ережелер жиынтығы деп те, бір жерде бар, бір жерде құрып кеткен қоршаған ортаның субъективті көрінісі деп те айтуға болады. Қалалық саябақтарға келер болсақ, мұнда тұмса табиғат жайлы сөз жоқ әлбетте, бұл жай ғана таза ауада көңіл көтеру. Бұған мен Берлиннің орталығына жақын маңдағы бүгінде саябаққа айналған Темпелхоф әуежайына барған кезімде көз жеткіздім. Аптаның аяғы болатын, күн батардан бір сағат бұрын адамдар саябаққа жинала бастады. Олар сүрлеу жолмен велосипед теуіп, көгалда асыр салып ойнауда. Жастар парашютті скейтбордпен сырғанап, аналар балаларымен бірге футбол добын теуіп ойнап жүр. Германия болғандықтан, ол жер сырасыз да болмайды.

1955 СИЛЕЗИЯ САЯБАҒЫ, ХОРЗОВ, ПОЛЬША


Тыңайтқыш үйінділері, шахта қалдықтары мен қоқыстардан тазартылған бұрынғы өндіріс орны хайуанаттар бағы мен динозаврлар мекенінен тұратын жасыл алқапқа айналып шыға келді. Еріктілер атқарған жұмыстардың көпшілігі саяси бір партияның басқаруымен іске асты. Польшаның оңтүстігіндегі қалада орналасқан бұл саябақ Майя Перига (оң жақта) сияқты фото өнерін жанындай жақсы көретін жастарды өзіне баурап алады.

Тыңайтқыш үйінділері, шахта қалдықтары мен қоқыстардан тазартылған бұрынғы өндіріс орны хайуанаттар бағы мен динозаврлар мекенінен тұратын жасыл алқапқа айналып шыға келді. Еріктілер атқарған жұмыстардың көпшілігі саяси бір партияның басқаруымен іске асты. Польшаның оңтүстігіндегі қалада орналасқан бұл саябақ Майя Перига (оң жақта) сияқты фото өнерін жанындай жақсы көретін жастарды өзіне баурап алады.

Темпелхоф әуежайы 2008 жылы жабылған болатын. Екі жылдан кейін ол саябақ ретінде қайта ашылғанда оны берлиндіктер құптай қояр ма екен деген күдік те болды. Ол кезде де, қазіргідей саябақта нысандар аз болатын. Дегенмен оның шынайылығы, яғни оған аса көп өзгеріс енгізілмеуі саябаққа адамдардың назарын аударудың басты жолы екендігін дәлелдеп берді. Тұрғындар оның ашық жерде болғанын және батқан күннің көзін көлегейлеп тастамағандығын ұнатты. Жұрт бір кездері қол жеткісіз саналатын кешенге кіру мүмкіндігіне ие болғандарына қуанды. Ең бастысы, Темпелхофтың 300 гектар жерінде өздерінің емін-еркін жүріп тұруы халықты рахат сезімге бөледі. 2014 жылы жердің бестен біріне үйлер мен кеңселер салу жайлы қала жобалаушылары жасаған ұсыныс наразылық тудырып, оның соңы аталмыш ауданда болашақта құрылыс салуға шектеу қойған референдуммен аяқталды.

009

«Сіз мұнда аспанды көріп, таза ауамен еркін тыныстай аласыз», – дейді референдум қозғалысы жетекшілерінің бірі Диего Карденас Темплехофтың көк майсасында демалып отырғанымызда. «Бір жерге құрылыс сала бастасаңыз, оның немен аяқталатынын кім біледі?». Қалай болғанда да, болашақта Темплехофқа үй салынады деген жоспар бар, бірақ ол екі жақтың да ойлағанындай болмауы мүмкін. Ұзындығы 1200 метр шатырмен жабылған терминал құрылысының жартысын Германияға судай ағылған мыңдаған босқындар уақытша паналауда.

Өткеннен біраз сабақ алған шенеуніктер құрылыс жоспарын дұрыс түсіндіре алмағандарын және саябаққа кіріп алған адамдардың жоспарға қалай қарайтынын білмегендіктерін алға тартады. «Берлиндіктердің, – дейді олар, – ашық жерлерді меншіктеп алатын әдеттері бар». Темплехофта бұл жағдай кеңінен іске асты.

1996 ПРЕСИДИО, САН ФРАНЦИСКО, КАЛИФОРНИЯ


Күннің батуы мен судың баяу толқыны «Маршал» жағажайына келушілердің назарын еріксіз өзіне аударады. Стратегиялық тұрғыдан Сан-Франциско шығанағының кіреберісінде орналасқан аталмыш саябақ 218 жыл бойы әскери бекет қызметін атқарды. Әуелде әр елдің иелігінде болған ол кейіннен АҚШ-қа өтті. Басқа саябақтардан ерекшелігі, оған федералдық қаржы бөлінбейді. Кірістің дені тарихи құрылым ретінде танылған бұрынғы әскери нысандарды жалға беруден түседі.

Күннің батуы мен судың баяу толқыны «Маршал» жағажайына келушілердің назарын еріксіз өзіне аударады. Стратегиялық тұрғыдан Сан-Франциско шығанағының кіреберісінде орналасқан аталмыш саябақ 218 жыл бойы әскери бекет қызметін атқарды. Әуелде әр елдің иелігінде болған ол кейіннен АҚШ-қа өтті. Басқа саябақтардан ерекшелігі, оған федералдық қаржы бөлінбейді. Кірістің дені тарихи құрылым ретінде танылған бұрынғы әскери нысандарды жалға беруден түседі.

«Олар бұл жерді басып алғысы келді» – дейді Берлин қалалық кеңесінің жобалаушысы Урсула Ренкер. «Көптеген адамдар үшін әуежай олардың өткен өмірімен тығыз байланысты. Оған көптің қызығатын тағы бір себебі, бұл жер бұрын тұтас қоршалған болатын. Арнайы қақпа арқылы болмаса, ешкім кіре алмайтын».

2005 ЧОНГЕЧОН, СЕУЛ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ


Саябаққа келушілер жаяу-көпір үстіндегі оркестрдің өнерін тамашалауда. Бір кезде өзен суы тартылып, жоғалып та кеткен. Қазір оған күніне 120 000 метрикалық тонна су көршілес Хан өзенінен жеткізіліп тұрады. Тұрғындардың көпшілігі: «Қалаға пайдасы болғандықтан жасанды болса да мұндай дүниелерге түсіністікпен қараймыз», – дейді.

Саябаққа келушілер жаяу-көпір үстіндегі оркестрдің өнерін тамашалауда. Бір кезде өзен суы тартылып, жоғалып та кеткен. Қазір оған күніне 120 000 метрикалық тонна су көршілес Хан өзенінен жеткізіліп тұрады. Тұрғындардың көпшілігі: «Қалаға пайдасы болғандықтан жасанды болса да мұндай дүниелерге түсіністікпен қараймыз», – дейді.

ҚАҚПАЛАР СОЛ ОРНЫНДА ӘЛІ ДЕ ТҰРҒАНЫМЕН, кіріп келе жатқан адамдардың жүзінен күлкі байқалады. Қақпаның тарихын білетін адамға бұл күтпеген жайт емес, әлбетте.

Сол себепті де бұл менің ең жақсы көретін саябағым болып есептеледі. Өзі үйімнің жанында, сулы-нулы жер. Онда ауыз толтырып айта қоярлықтай ештеме жоқ, бір гектардан сәл ғана асатын жазық. Мен онда жиі барамын. Ол жерге таң ата ерте барып, қоғаның арасымен қыдырып, екі түрлі әлемді, яғни бір жерде тоғысып жатқан асфальт пен батпақтар әлемін қызықтаймын. Таң атып, күн сәулесі ағаштардың басын шалған кезде саябақтың жанында орналасқан төрт қатарлы жолда көлік көбейе бастайды. Кейіннен, толассыз шудан саябақ тасада қалып қояды. Алайда ден қойып тыңдаған адамға ол жерден құстардың сайрағаны естіледі.

2010 ШЕРБОРН КОММОН, ТОРОНТО, ОНТАРИО


Жаңадан үйленген екі жас достарымен мырыш павильонның жанында суретке түсіп жатыр. Павильонның жертөлесіндегі ультракүлгін жүйе жауын суын өңдеп, оны кереметтей мүсіндер арасымен өзенге ағызып жібереді. Тартымды дизайны үшін марапатқа ие болған саябақтың сұрқай келбетіне сын айтушылар да жетіп артылады.

Жаңадан үйленген екі жас достарымен мырыш павильонның жанында суретке түсіп жатыр. Павильонның жертөлесіндегі ультракүлгін жүйе жауын суын өңдеп, оны кереметтей мүсіндер арасымен өзенге ағызып жібереді. Тартымды дизайны үшін марапатқа ие болған саябақтың сұрқай келбетіне сын айтушылар да жетіп артылады.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля