Қазақ үшін төрт түлік малдың ішінде жылқының орны бөлек. Ықылым заманнан қолға үйретілген жылқы малы қазақтың ең қасиетті, ең сенімді, әрі ең қадірлі малы саналады. Себебі, ұланғайыр жерді мекендеген халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі, өмір-салты, әдет-ғұрпы мен салтанаты нақ осы жылқымен тығыз байланыста болған.
Сондай қасиетті малдың бір үйірін «National Geographic Қазақстан» журналының фото тілшісі Қарағанды облысы аумағындағы Кент тауларының етегіндегі жайылып жүргенде суретке түсіріп алды.
Өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі.
Суретті түсірген Юрий Варыгин.