Кіші Бигхорн қырғынына қатысқан көзі тірі ардагерлер шайқастың 50 жылдығын атап өту үшін Монтанада жиналды. 82 жастағы генерал Эдвард Годфрей (көзілдірікті), Шайенн және басқалар 1926 жылдың маусымында қол алысып, қайтыс болғандарды еске алды және Сиу тайпасының көсемі Ақ бұқаның айбалтасын көму рәсімін өткізді.
Бір жыл өткеннен кейін «National Geographic» журналының беттерінде Эдвин Вижер жасаған аймақ суреттері өзінің драматизмімен “жүректерді алай-дүлей еткен” еді. Годфрей өзінің журналында 1876 жылдың 28 маусымында отты жауын ішінде болған Кастер және оның командасының тарихын былай деп суреттейді: “Біз форттан бірнеше жүз метр жердегі жотада шашылып жатқан адам өліктерін таптық. Бет-әлпеті өз қалпында қалған Генл Кастерді қоса санағанда, шамамен, 212 адам жерледік”. – Ив Конант
ФОТО: ЭДВИН Л. ВИШЕРД, NATIONAL GEOGRAPHIC КРЕАТИВТІК ТОБЫ