Генри Дэвид Торо «Көктемнің алғашқы белгілерін күтіп жүрмін», – деп жазды. «Уолден» шығармасының авторы 1852-1858 жылдарға дейін Массачусетс штаты Конкорд қаласындағы 300-ден астам өсімдіктің ең алғаш бүр жарған сәтін қағаз бетіне түсірді. Сондай-ақ, алқаптар мен ормандарды аралаған кезде жылы жаққа ұшатын құстардың қайтып келген сәтін, ағаш жапырақтарының шыққанын және Уолден тоғанындағы мұздың ерігенін түртіп отырған.
Шамамен 160 жылдан кейін Бостон университетінің биологы Ричард Примак Торо қолжазбасын пайдаланып, жаңа Англияның тарихи маңызды аймағындағы климаттың қаншалықты өзгергенін тексеруге кірісті. 2004 жылы Примак пен оның шәкірттері бүкіл Конкордты шарлап, ерте гүлдейтін өсімдіктерді іздеді. «Қай жерден табарымызды білмедік», – дейді Примак. Олар Тороның ерте гүлдейтін өсімдіктерді іздеу айласын үйренгенге дейін біраз әуреге түсті.
Примактың аяқталмаған зерттеуі жылы климаттың көктемнің алғашқы белгілерінің пайда болуын тездететінін дәлелдейді. Конкордта ауа температурасы 3°C-тан жоғары. Көптеген өсімдіктер Торомен салыстырғанда кемі екі апта бұрын гүлдеген. Ағаш жапырақтары 18 күн бұрын пайда болды. Тек жыл құстары ғана сол баяғы уақытта қайтып оралған. Бұл өзгерістер жергілікті экожүйеге қалай әсер етеді? Оны білу үшін Тороның жазғанына назар аудару керек. Ол: «Күте білу керек. Табиғат бәрін өзі реттейді», – дейді. – Рейчел Хартиган Ши
СУРЕТТЕР: ТИМ ЛАМАН
ГРАФИКА: NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ. ДЕРЕККӨЗДЕР: РИЧАРД ПРИМАК, БОСТОН УНИВЕРСИТЕТІ