..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қыранша құлай сүю

Шағылысу кезінде шеңгелдерін тастай бекітіп алып, жерге қарай құлдилайды!

Шағылысу кезінде шеңгелдерін тастай бекітіп алып, жерге қарай құлдилайды!

Haliaeetus leucocephalus атты ақбас бүркіттер әдептіліктің үлгісіндей. Жыртқыш құстар өмір бойы тек бір ғана серігімен тіршілік етеді. Ғалымдардың айтуынша, «моногамды» саналатын кейбір құстар басқалармен жұптасып та жатады. Тек ақбас бүркіттер ғана өйтпейді. Шағылысу кезінде олар қоқиланып, бір-біріне деген құштарлығын риясыз білдіреді. Теннесси университетінің зерттеушісі Дэвид Бьюлердің айтуынша, олардың қимылы шағылысудағы ғажап рәсім. Екеуі шеңгелдерін айқастырған күйі биікте әуелеп жүреді де кенет төмен қарай құлдилай жөнеледі. Әдетте құшақтары жерге жетпей ажырайды, бірақ кейде үлгере алмай да қалады. (Қазақ тіліндегі «құлай сүю» деген сөз осы құбылысқа қарап айтылған секілді. – ред.) 2014 жылы Орегон штатының Портленд қаласындағы ағаштар арасынан шеңгелдері айқасқан екі бүркіт табылды. Артынша екеуі де босатылып, ұшып кеткен. «Бұның мәні – сүйіктіңнің саған қаншалықты лайық екенін тексеру. Өте қауіпті! Мұндай трюктің соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Бұл – серігіңе қосылу мен өз жаныңды аман алып қалу арасындағы тәтті арпалыс», – дейді Дэвид Бьюлер. – Патрисия Эдмондс


ТІРШІЛІК ОРТАСЫ / ТАРАЛУ АЙМАҒЫ

Солтүстік Америка су жолдары маңындағы ормандар

ҚОРҒАЛУ МӘРТЕБЕСІ

«Жойылу қаупі төнген жануарлар» актісі аясында және ДДТ пестицидіне тыйым салынғаннан соң ақбас бүркіттердің саны қалпына келді және жойылып кету қаупі сейілді.

ФОТО: ХАРРИ ЭГГЕНС

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля