Дәл жарғанат секілді болмысы өзгерген сүтқоректі жоқ шығар. Қорқынышты қансорғыш ретінде сипатталатын олар, шындығында, нәзік әрі ақылды. Зиянынан гөрі пайдасы мол. Жарғанаттарды қорғау халықаралық ұйымының қолдауымен жүргізілген зерттеуде, олардың қамба көбелектерін жеп, жыл сайын жүгері өнеркәсібіне келетін миллиардтаған доллар шығынды үнемдейтіні анықталды. Эколог Джошуа Мейннің зерттеуінше, жарғанаттар жүгері алқабының маңында қорек іздеуді доғарғанда дақылдарға төнетін қауіп 50 пайызға дейін көтерілген. «Адамдар жарғанаттан қорқады. Бірақ олар өте пайдалы», – дейді Мейн. – Кэтрин Цукерман
СУРЕТТЕР: МАРТИН ХАРВИ, CORBIS (TOP); МАЙКЛ ДУРХЭМ, MINDEN PICTURES/NATIONAL GEOGRAPHIC КРЕАТИВТІК ТОБЫ