..."/>
ЗЕРТТЕУ

Сақылдап тұрса сар аяз

keshki-ayaz

Кент тауы – Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап.

Бірнеше жекелеген қырқалы, күмбезді аласа таулар тізбегінен тұрады. Ол тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30-35 шақырымға дейін созылып жатса, ал ені 20 шақырым шамасында. Кент тауының ең биік нүктесі 1469 метр.

Тау беткейлері мен бөктерлерінде қарағай, қайың, көктерек, тал, итмұрын, ұшқат, ырғай және тобылғы секілді бұталар өседі. Арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, тиін мен дала тышқаны мекендесе, дала бүркіті, құр мен шілді секілді құстарды кездестіруге болады.

Кент қорығы Қарқаралы ұлттық паркіның құрамына кіреді.

Жалпы Сарыарқаның сақылдаған сар аязы сырын білмегенді «сыртынан жүргізбейтіні» бар. Ал, аязына бораны қосылса тіптен қаталдана түседі.

Мына фотосуретті «National Geographic» журналының тілшісі – 20 градус аязда түсіріп алғанын, аязды күндері таулы аймақтардағы ауа тұнық, әрі бұлақ суындай мөлдір болатынын айтты.

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля