Ұшақ крейсерлік режимдегі биіктікке көтерілді. Аспансеріктер жолаушылар отырған қатарға келіп, сусынға тапсырыс қабылдап жатыр. Ең қызығы, әуеде қызанақ шырыны, тіпті «Қандықол Мэри» атты қызанақ коктейлінің өзі кенет дәмді болып кетеді.
Бұл кездейсоқтық па?! «Олай деуге келмейді», – дейді Корнелл университетінің оқытушысы, азықтүлік ғылымының ассистентпрофессоры Робин Дандо. Кабина ішіндегі жоғары жиіліктегі децибел жолаушылардың дәм сезуіне кедергі келтіреді. Дәм сезу мүшесі алкогольсіз көпіршікті сусындар сияқты тәттілердің дәмін төмен деңгейде қабылдайды. Ал «умами» деген атпен белгілі дәмнің деңгейі арта түседі. Шөлден қаталаған жолаушылардың тұзды және ащы сусынға тәбеті артады. Сөйтіп, олар көбіне қызанақ шырынын таңдайды. Германияның «Lufthansa» әуе компаниясының санағы бойынша, адамдар ұшақ бортында қанша сыра ішсе, шамамен сондай мөлшерде қызанақ шырынын пайдаланады екен.
Оксфорд университетінде сезім мүшелерінің өзара қалай әрекеттесетінін зерттеп жүрген психолог ғалым Чарльз Спенс: «Ұшақта мұндай құбылыстың орын алуы таңсық жағдай емес. Басқа да шулы орталар дәм сезуді өзгерте алады, – дейді ол. – Ушуға толы мейрамханалардағы тамақтың аса жоғары сұранысқа ие еместігі осыған байланысты. — Кэтрин Цукерман