Құлағы қояндікіне, аяғы кенгурудікіндей, ал құйрығы мен көзі шамадан тыс үлкен қосаяқтың дене бітімі керісінше тым кішкене. Соған қарамастан, қосаяқ кеміргіштер отрядындағы тышқан тектес жәндіктер ішіндегі ең үлкені болып есептеледі.
Ол мақұлықтың бойы 15-20 сантиметр аралығында болса, құйрығының ұзындығы 25-30 сантиметрге дейін жетеді. Аяқтары ұзын, әрі жіңішке болғандықтан 4 метрге дейін секіре алады. Оның сырт келбетіне мұқият қарасаңыз ол кенгурудың кішірейтілген түрі ме деп қаларыңыз анық.
Қосаяқты Орталық Азия, Қытай және Солтүстік Америка секілді елдермен қатар, Қазақстанның Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Оңтүстік Балқаш құмынан кездестіруге болады.
Ал боз түсті қосаяқ табиғатта сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Бір қызығы қосаяқ кейбір елде үй жануары болып есептеледі.
Фото: Ерболат Шадрахов