Кең даланың еркесіне, тұмса табиғаттың айнымас бір бөлшегіне айналған, мұз дәуірінен бері мекен етіп келе жатқан жануарды қазақтар киелі санайды. Көздері мөлдіреп, танауы желпілдеген ақ бөкендер осы күні бір шексіз даламыздың символы іспетті. Ерекшелігі сол қазақтар бұл жануарды өздеріне жақын тартқандықтан болар оған бір емес, екі бірдей ат берген. Мәселен, қазақтар киікті жазда киік десе, ал қысты күні сарғыш тартқан жүндері қалыңдаған шақта ақ түске боялатындықтан ақ бөкен дейді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгінде республика аумағында 108 300 киік бар.
Киіктердің негізі бөлігін Бетпақдала, Орал және Үстірт атырабынан кездестіруге болады.
Фото: Михаил Шпигельман