..."/>
ЗЕРТТЕУ

Гүжірейген дәуім-ай

01

Дәл қазіргі уақытта ел аумағындағы ашық алаңқайларда жайылып жүрген сүтқоректілер ішіндегі ең ірісі – Еуропалық бизон (лат. Bison bonasus). Оның ұзындығы 3,5 метрге жуықтаса, биіктігі 2 метр, салмағы бір тоннаға дейін жетеді.

02

2-3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 20-21 жасқа дейін төлдесе, кейбірі 28 жасқа дейін өмір сүреді. Бұл жабайы жануар болып есептелсе де, қолға үйренген бизон бостандыққа жіберілгенде көп ұзамай өліп қалады. Оған  1960 жылы Алматы хайуанаттар саябағында болған оқиға дәлел. Осы саябақта өсірілген бес бас жабайы өгіз Іле Алатауындағы Табынқарағай орманына жіберіледі. Алайда сол жылы қыс қатал, әрі қар мол түскендіктен олар тіршілік ортасына бейімделе алмай, қырылып қалады.

03

Сондай-ақ осы жылдары төрт таза тұқымды Еуропалық бизонды да Іле Алатауының ормандарына жерсіндіру ісі сәтсіз аяқталғаны белгілі. Жойылып кету қаупі бар жануарлар тобына жататындықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағы оны «Қызыл кітапқа» енгізіп отыр.

04

Бұл жабайы өгіздердің негізгі мекені Батыс және Орталық Еуропаның орманды алқабы.

05

Ал мына бизонды «National Geographic Қазақстан» журналының фототілшісі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркі аумағындағы арнайы алаңқайда жайылып жүрген жерінде таспаға түсіріп алған.

06

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля