..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тасқа басылған белгілердің сыры неде?

03«Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін» қазақтың қай жерін алып қарасаң да сырға, құпияға толы. Осыны ескерген Ақылбек Сыздықов деген азамат редакциямызға арнайы келіп, тасқа басылған түрлі белгілер мен суреттер басылған бірнеше тастың үлгісін көрсетті.

2004 жылдан бері осындай ерекше тастарды жинаумен айналысатын Ақылбек мырза тастардағы белгілер адам қолынан шықпағанына сенімді болғандықтан болар осы бір таңғажайып тастардың сырын ашуды алдына мақсат етіп қойғандай.. Расында да, көлемі, пішіні мен құрамы әртүрлі тастарды қолына алып көрген кез келген адам ондағы суреттерге таңырқай қарап қалары анық.

04

05

06

07

08

Құрсақтағы сәби, түйенің басы, ұлу, көз бен тараққа ұқсас тастардың кейбірін коллекционер өзі тапса, ал енді бірін танитын адамдары әкеп берген екен. Бүгінде оның жеке мұрағатында жиырмаға жуық осы тектес тас бар.

01

02

Мәселен мына тараққа ұқсас суреті бар тасты 1998 жылы Қызылорда облысы Арал ауданына қарас­ты Ақбай ауылы маңынан Күлшараш Жүзбаева деген азаматша тапқан. – «Міне содан бері бұл «тарақтасты» бірнеше мыңдаған адаммен қатар ондаған маман қолдарына алып, көрсе де ол суреттің сырын ашып айтып бере алар емес. Сондықтан бұл тас­тардың айтар сыры, ұғындырар жайы көп», – дейді А.Сыздықов. – «Тау  мен таста адамдар үшін үлкен ғибрат бар, оларда тарих жазылған. Олай дейтінім мұндайды адам қолымен жасау мүмкін емес».

Ақылбек Сыздықов бізге сондай-ақ, еліміздің әр өңірінде түсірілген адам мен жан-жануарларға ұқсайтын тау, қырат, жартастардың да суреттерін көрсетті.

Ақылбек мырза дәл қазіргі уақытта Астанада күзетші болып жұмыс істейді.

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля