..."/>
ЗЕРТТЕУ

Керуен жолдың шамшырағы…

01

«National Geographic» журналы Қазақстанның 5 көрікті жерлерінің қатарына Бектау ата тауын да қосыпты. Және ол бекер де емес. Бұл таудың ерекшелігі сол оның кішігірім көлі де, үңгірі де бар. Ал сол көл мен үңгірге қатысты халық арасында аңыз-әңгімелер жетіп артылады.

02

Балқаш қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан бұл тау Оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр.

03

Белгілі орыс ғалымы П. Сарычев өткен ғасыр басында Бектау ата тауы жайында мынадай естелік қалдырған екен. Онда: «Бектау ата – оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын нысана іспетті керуен жолдың бойында тұрған «шамшырақ». Оның сүйір төбесі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан көзге ілінеді. Көлдің астынан жарып шыққандай сұстиып тұрады және «бері тарт» дегендей ишарат танытады. Және сол таудың төменгі жағында үлкен үңгір бар. Ол үңгір мөлдір тұщы суға толы. Ал ондағы су деңгейі әрдайым бір қалыпта: не жоғары көтерілмейді, не төмен түспейді. Табиғаттың осы жұмбағының көріністері дала жұртының сезімін билейді», – деп жазған. Содан бастап жергілікті халық бұл тауды осы аймақтың шамшырағы деп атап кеткен екен.

04

Ал кейінгі ғалымдардың пайымдауынша, ол тау қыртысы биотитті гранит пен аплит тау жыныс­тарының жапсарындағы жіктің үгіліп, еріп бұзылуынан пайда болған екен.

05

06

07

08

09

10

Пейзажи Казахстана. Бектау-ата

12

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля