..."/>
ЗЕРТТЕУ

Кірпі кірпігі

01

Кірпі денесі инелі түктермен қапталған, қауіп төнген жағдайда жиырыла қалса, инелерін кейде жемтігін аулау үшін пайдаланатын ерекше жәндік. Сүтқоректілер отрядына жататын жәндікте орта есеппен 7-8 мың ине болады.

Қазақстанда ол жәндіктің 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Дене тұрқы 13-27 см, ал салмағы 700-800 гр шамасында болады. Жемін, әдетте ымырт жамылғанда, түнде аулайды. Түрлі зиянкес жәндіктер, оның ішінде шегіртке, көбелек, әртүрлі қоңыздар, көлбақасы және жылан тәрізді жәндіктермен қоректенедіктен ауыл шаруашылығы саласына тигізер пайдасы мол. Алайда ол жәндік пироплазмоз секілді жұқпалы ауру түрлерін тасымалдайтынын да естен шығармаған абзал.

Қараша айында ұйқыға кетіп, көктем шыға оянады. Жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі де, жылына 1 рет көктем айларында 1-7-ге дейін балалайды. Орта есеппен 6 жыл өмір сүреді.

Аяқтары бессаусақты болатын бұл жәндіктің жер бетінде 15 түрі бар.

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля